Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының Қоғамдық кеңесі мүшелерін іріктеуге байқау жариялайды

Мөлдір Иманмади
05.02.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Конкурс «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ережеге сәйкес өткізіледі.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне қажет сандық құрам — 3 адам.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар, оның ішінде өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынады. Коммерциялық емес ұйым болып саналатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.

Алматы облысының Қоғамдық кеңесінің мүшелігіне он сегіз жасқа толған, сондай-ақ Алматы облысында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы кандидат бола алады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мынадай құжаттарды ұсынады:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;

5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімі ұсынылады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше ұсынады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдайтын мемлекеттік орган — Алматы облысының Қоғамдық кеңесі. Құжаттар қолма-қол беріледі немесе Алматы облысы Қоғамдық кеңесінің келесідей almobl.qogamdyqkenes@gmail.com электрондық мекен жайына жіберіледі;

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

Үміткерлер келесі жағдайларда конкурсқа жіберілмейді:

1) осы хабарландыруда көрсетілген құжаттар мен толықмәліметтер ұсынылмаған кезде;

2) дәйексіз ақпаратты қамтитын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынған кезде.

Құжаттарды тапсыру мерзімі: Хабарландыру жарияланған күннен кейін 10 жұмыс күні ішінде.

Құжаттар 2026 жылдың 2 ақпанынан бастап 2026 жылдың 13 ақпанын қоса алғанда сағат 18.30-ға дейін қабылданады.

Мекенжайы: Алматы облысы,  Қонаев қаласы, Жамбыл көшесі, 13, 5 қабат, 502 кабинет.

Электрондық пошта:    almobl.qogamdyqkenes@gmail.com

Анықтама телефоны: 8 (705) 484 58 16, 8 (702) 133 01 61

Жұмыс режимі:  Дүйсенбі-жұма, сағат 08.00-17.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 12.30-13.30-ға дейін.

Алматы облысының Қоғамдық кеңесі

Тегтер: Алматы облысының Қоғамдық кеңесіБасты жаңалықтарХабарландыру

Соңғы жаңалықтар

В Алматинской области 25 февраля включат сирены

Николай Иващенко
24.02.2026

Энергетики Алматинской области поддержали проект новой Конституции

Николай Иващенко
24.02.2026

В акимате Алматинской области прокомментировали информацию о «продаже» земли иностранцам в Алатау

Николай Иващенко
24.02.2026

Для пяти регионов Казахстана ввели лимиты на водопотребление

Николай Иващенко
24.02.2026

Касым-Жомарт Токаев принял председателя Центральной комиссии референдума

Николай Иващенко
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz