Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының оқушылары робототехника сайысында жеңіске жетті

Алматы облысының Шонжы ауданынан шыққан оқушылар робототехника бойынша өткен халықаралық байқауда үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.12.2025
Аймақ, Алматы облысы

13 желтоқсанда №1 мектеп-лицейінің үш командасы MatataLab Smart Sport Competition робототехника жарысына қатысқан. Сайыс қорытындысы бойынша бір команда бірінші орынды иеленіп, Қытай Халық Республикасының Уси қаласына жолдама алды.

Жеңімпаз атанған оқушылар:

  • Марат Ансар

  • Юлдашев Расим

Команданың жетекшісі — Ибрагимова Назигүл.

Айта кетейік, Алматы облысының мектеп оқушылары түрлі республикалық және халықаралық байқауларға тұрақты түрде қатысып, жүлделі орындардан жиі көрініп жүр. Мамандар мұндай жоғары нәтижелерге қол жеткізуде оқушылардың еңбегімен қатар, педагогтердің кәсіби дайындығы мен білім беру мекемелерінің заманауи материалдық-техникалық базасының да маңызы зор екенін атап өтеді.

Соңғы жылдары Алматы облысында білім беру жүйесі түбегейлі жаңғыртылды. Оқу кабинеттері жаңа техникамен жабдықталып, оқу-әдістемелік қор жаңартылды, ал мұғалімдер жыл сайын біліктілігін арттырып, түрлі деңгейдегі кәсіби байқауларға қатысып келеді. Бұл шаралар өңірде білім сапасының артуына оң әсерін тигізіп отыр.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Жаңа Конституция – әділетті қоғамның берік негізі

Акжаркын
05.11.2026

Қоғамдық қауіпсіздік – қоғам тұрақтылығының кепілі

Акжаркын
05.11.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
05.11.2026

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
05.11.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz