Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының өнеркәсіп секторы қарқын алып, өндіріс көлемі 2,1 трлн теңгеге жетті

Алматы облысында өнеркәсіп секторы өңір экономикасының басты қозғаушы күшіне айналып отыр. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, өнеркәсіптің ішкі өңірлік өнімдегі үлесі 25 пайыздан асады, ал бұл салада 56 мыңнан астам адам еңбек етеді. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 108,7 пайызға жетіп, республикалық орташа көрсеткіштен (107,3%) жоғары болды. Осы нәтижемен облыс еліміз бойынша 7-орынға шықты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
08.12.2025
Аймақ, Алматы облысы

Өңірде өндірілген өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 2 трлн 110,7 млрд теңгені құрады. Оның 90 пайызы — өңдеу өнеркәсібінің үлесі, бұл Қазақстан бойынша ең жоғары көрсеткіштердің бірі саналады. Азық-түлік өндірісі саласында облыс көкөніс шырындары, алкогольсіз сусындар, балмұздақ, шарап, коньяк және ірімшік өндірісінде көш бастап тұр. Темекі өнеркәсібінде де өңір елдегі негізгі орталыққа айналған: мұнда «JTI» мен «Philip Morris» компаниялары жұмыс істейді, ал 2025 жылы кореялық KT&G компаниясының жаңа темекі зауыты іске қосылды.

Бұдан бөлек, облыс гипсокартон, сэндвич-панельдер, болат құбырлар мен профильдер өндірісінде де маңызды орынға ие. Логистикалық инфрақұрылым жаңартылып, жаңа тарату орталықтары ашылып жатыр.

Өңірде бірқатар ірі инвестициялық жобалар жүзеге асуда. Соның ішінде Oрталық Азиядағы Lay’s чипстерін шығаратын ең ірі зауыттың құрылысы бар. Жоба құны – 71 млрд теңге, өндірісте жергілікті шикізат қолданылады. Сонымен қатар LC Waikiki компаниясы 30 млрд теңгеге көтерме-тарату орталығын салып жатыр. Ал Qazaq Global Food компаниясы жеміс-жидекті терең өңдейтін 16,5 млрд теңгелік зауытты іске қосты. Бұл өндірістер импортты алмастыруға, ішкі нарықты сапалы өніммен қамтамасыз етуге және экспортты арттыруға мүмкіндік береді.

Өңдеу өнеркәсібінің экспорттық көрсеткіші де айтарлықтай өскен. 2025 жылы экспорт көлемі 618,5 млн долларға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 28,5 пайызға артты. Әсіресе сусындар, азық-түлік, темекі, қағаз, химия, пластмасса және құрылыс материалдары экспортының өсімі байқалған.

Өңірдегі табысты өндірістердің бірі — Кайнар ауылдық округіндегі TTS Global Groups компаниясы. Зауыт 2022 жылы кәсіпкерлер Нұрғали Әбдікерімов пен Зұлфинар Құнанбайдың бастамасымен құрылған. Қазіргі уақытта кәсіпорын сылақ, шпаклевка, плитка желімі, құйылмалы еден және декоративті қоспалар сияқты 35-тен астам өнім түрін шығарады. Жылдық өнім көлемі 3,7 млн қаптан асады. Өндіріс толық автоматтандырылған, бір ауысымда 9 мың тоннадан астам өнім шығара алады. Сонымен қатар сағатына 30–35 мың тонна қоспа өндіретін жаңа түрік жабдығы іске қосылған. Шикізат бірнеше кезеңдік тексеруден өтеді, ал қоспалар эконом, орта және премиум санаттарында өндіріледі.

Компания келесі жылы «ақ желі» деп аталатын жаңа зауыт салуды жоспарлап отыр. Онда шпаклевка, затирка және басқа да ақ түсті құрылыс материалдары шығарылады. Қазір кәсіпорында 70 қызметкер жұмыс істейді. Өндіріс кеңейген сайын жаңа жұмыс орындары ашылады. «Берік өндіреміз, үздікпен жұмыс істейміз!» деген ұстаным компанияның сапаға деген жауапкершілігін көрсетеді.

TTS Global Groups-тың дамуы шағын және орта бизнестің де Алматы облысының өнеркәсіп секторына елеулі үлес қосып отырғанын дәлелдейді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz