Науқастың анасының айтуынша, отбасы бір апта бойы өздігінен емделуге тырысқан. Соның салдарынан баланың жағдайы күрт нашарлап, өміріне қауіп төнген.
Аурухананың хирургтары бөлім меңгерушісі Еракин Қожабековтің жетекшілігімен жедел түрде лапаротомия, аппендэктомия, санация және жамбас қуысына дренаж жасау операциясын сәтті өткізді. Отаға дәрігерлер Исмаил Абдуллаев пен Жандос Өтемісов те қатысты.
Шұғыл хирургиялық араласудан кейін аурухана директорының міндетін атқарушы Алмас Құдайбергенов бүлдіршінді тексеріп, оны балалар хирургиясы бөліміне ауыстырды. Қазір қыздың жағдайы тұрақты, оған қарқынды терапия жүргізілуде.
Аурухана басшылығы атап өткендей, баланың өмірін сақтап қалуға хирургтар, анестезиологтар және бүкіл медициналық персоналдың кәсіби біліктілігі мен үйлесімді жұмысы септігін тигізді.





