Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының агросекторы өсім мен жаңа мүмкіндіктерге жол ашты

Алматы облысының аграрлық саласы қарқынды дамып, өнімділіктің тұрақты өсімін, өндірістің кеңеюін және ауыл шаруашылығының әртүрлі бағыттарында жаңа жобалардың іске асырылуын қамтамасыз етіп отыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

Алматы облысының аграрлық саласы қарқынды дамып, өнімділіктің тұрақты өсімін, өндірістің кеңеюін және ауыл шаруашылығының әртүрлі бағыттарында жаңа жобалардың іске асырылуын қамтамасыз етіп отыр.

Биыл Алматы облысында өнімділік республикалық орташа көрсеткіштерден асып түсті. Мәселен, дәнді дақылдар әр гектарынан еліміз бойынша орташа көрсеткіштен 4,8 центнерге артық өнім алынуда, ал картоп пен көкөніс бойынша – 63 центнерге артық. Жыл соңына дейін облыста 1,26 млн тонна астық жинау жоспарлануда.

«Облыстың аграрлық әлеуеті жоғары. Өнімділіктің республикалық көрсеткіштерден жоғары болуы – диқандарымыздың қажырлы еңбегінің нәтижесі», – деді облыс әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы.

Алматы облысында Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы жалғасуда. Жалпы 30,8 мың шаруашылық қамтылуы тиіс, бүгінгі күнге дейін оның 31%-ы немесе 9,7 мың ауыл шаруашылығы құрылымдары тіркелген.

Өңірдің ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту үшін қосымша 155 млрд теңге қажет. Оның ішінде:

  • 47 млрд теңге – субсидияларға;

  • 7,3 млрд теңге – «Ауыл аманаты» жобасын іске асыруға;

  • 101,1 млрд теңге – инвестициялық жобаларды несиелеуге бағытталады.

Тамыз айынан бастап елімізде мал бордақылау алаңдарын жылдық 5% мөлшерлемемен жеңілдетілген несие беру бағдарламасы іске қосылды. Бағдарламаға 50 млрд теңге қарастырылған.

Өңірде жаңа қант зауытының құрылысы да жоспарланып отыр. Нысанға жер телімін «Алатау» АЭА құрамына енгізу және қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесі 12 тамызда өткен кеңесте қаралды.

«Қант өндірісін дамыту – өңірдің азық-түлік қауіпсіздігі үшін маңызды қадам. Біз бұл жобаны толық қолдаймыз», – деді облыс әкімінің орынбасары.

Суармалы жерлерді сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу мақсатында Ислам даму банкі арқылы жалпы құны 97,5 млрд теңге болатын 6 ірі жоба жүзеге асырылуда. Жобалар аясында 570 км канал жаңғыртылып, 50 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлері сумен қамтылады.

2026 жылы ветеринарлық пункттер мен мал қорымдарының құрылысына 1,5 млрд теңге бағыттау жоспарланған. Қазіргі таңда өңірдегі ветеринарлық ұйымдардың автопаркі 84% тозған. Бұл мәселені шешу үшін Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы 2,2 млрд теңгеге 132 көлік лизингке алынады.

Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп алты радиалды жол салу үшін 109 жер телімін сатып алу мәселесі шешілуде. Бұл мақсатқа 5,8 млрд теңге бөлінген.

Табиғи ресурстарды қорғау және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында қосымша шаралар қабылдануда. Бақанас, Қаскелең, Құрты, Шелек және Қарадала ауылдарында жалпы құны 302 млн теңгені құрайтын 18 бейнабақылау камерасы орнатылады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында референдум: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz