Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының әкімі қытайлық компания өкілдерімен кездесті

Бүгін Алматы облысына іссапармен қытайлық «China Railway» компаниясының өкілдері келді. Олар өңір басшысы Марат Сұлтанғазиевқа компанияның таныстырылымын жасады.

31.03.2023
Аймақ
Фото: Жұмабай Мұсабеков

Фото: Жұмабай Мұсабеков

«Біздің серіктестіктің іргесі 1950 жылы қаланған. Өздеріңізге мәлім, «China Railway» көпқабатты айналма жолдарын және көппәтерлі үйдің ішінен өтетін теміржол салғанымен танымал. Серіктестік кәсіпкерлік және әлеуметтік нысандар салумен де айналысады», – деді компанияның Қазақстандағы филиалының директоры Син Дайсы.

Оның айтуынша, «China Railway» G4 city жобасындағы құрылыс нысандарын, Қонаев қаласында мемлекеттік бағдарламамен қолданысқа берілетін көпқабатты тұрғын үйлерді салуға да атсалыса алады. Сондай-ақ Син Дайсы құрылыс барысында халықтың қолайлы өмір сүруі үшін де жағдай жасалатынын алға тартады (жерасты паркинг, тұрғын үй ауласының жарықтандырылуы, жасылдандыруы, көлік қатынасы және т.б.).

«Біздің облысқа келмей тұрып, бар жағдаймен танысқан шығарсыздар. Шынында да, өңірде қолға алынатын жобалар жеткілікті. Мысалы, логистикалық-транспорттық хаб құру, Қонаев қаласынан айналма теміржол салу, индустриалды аймақтар мен арнайы экономикалық аймақтарға инвестиция тарту, әлеуметтік нысандар салу, Қонаев пен G4 city-ді байланыстыратын жол салу т.с.с», — деді шетелдік мамандарға өңірдегі жағдайды баяндаған Марат Сұлтанғазиев.

Сонымен қатар ол G4 city жобасының аясында арнайы экономикалық аймақ құрылғаны болмаса, 4 шаһардың және Қонаев қаласының бас жоспары әлі бекітілмегенін айтты. Облыс әкімінің сөзінше, өңірге қызығушылық танытып отырған компаниялар көп. Олардың әрқайсысымен қаржылық және жобаны жүзеге асыру уақыты жайлы талқыланған соң ғана өзара Меморандумдар мен келісімдерге қол қойылып жатыр.

Кездесу нәтижесінде компания өкілдері өңір басшысын ҚХР-да орналасқан бас кеңселеріне шақырды. Ондағы мақсат – компания жұмысымен кеңінен танысып, келіссөз жүргізу. Бұдан бөлек, қытайлық мамандар әкімдікте орналасқан G4 city және Қонаев қаласының бас жоспарымен танысты.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚонаев қаласыМарат Сұлтанғазиев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған жұлдыздар матчы өтті

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Air Astana БАӘ-де қалған қазақстандықтарды елге жеткізу үшін арнайы рейстер ұйымдастырады

Қорлан Нұрланқызы
09.03.2026

10 наурыз: Алматы облысында қолайсыз ауа райы күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
09.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz