Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының әкімі өңірдегі дарынды балалармен кездесті

Бүгін Қонаев қаласының Мәдениет үйінде облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев өңірдің дарынды балаларымен кездесу өткізді.

28.12.2022
Аймақ
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

Онда «Балалар жылының» қорытындысы жасалып, облыс басшысы түрлі салада жеңімпаз атанған 50 оқушыны 100 мың теңгелік сертификатпен, Алғыс хатпен марапаттады.

Сондай-ақ республикалық «Жыл оқушысы» байқауының жеңімпазы Талғар қаласындағы Юрий Гагарин атындағы №8 мамандандырылған лицейдің оқушысы Ангелинаға Алексанова ҚР Оқу-ағарту министрлігі, Бала құқықтарын қорғау комитетінің Алғыс хаты мен бағалы сыйлығы табысталды.

Фото: Аслан Қажеке

1 of 5
- +

«Жас дарындар! Мен сіздерді, осында отырған әрбір оқушыны, студентті мақтан тұтамын. Сіздер жас болсаңыздар да облысымызды танымал еттіңіздер. Сіздердің жеткен жетістіктеріңіз үшін ата-аналарыңыз бен ұстаздарыңызға да алғысымыз шексіз! Қазақстанның болашағы, еліміздің ертеңі- жастардың қолында. Тәуелсіз еліміздің гүлденуі мен өркендеуі үшін сіздерге Жаңа жылда жаңа жеңістер тілеймін!», — деді құттықтау сөзінде Марат Сұлтанғазиев.

Ал тілшілерге сұхбат берген Ш. Смағұлов атындағы лицей-интернаттың оқушысы Ақмарал Төкеннің айтуынша, дарынды балаларды қолдау – талпынысты одан ары жетелей түседі.

«Мен Ө. Жолдасбеков атындағы халықаралық ғылыми жоба байқауында ІІІ орын, Республикалық Қасымов Құлжамай атындағы олимпиадада І орын, 2018 жылы Республикалық жасөспірімдер олимпиадасында ІІІ орын, Республикалық «Дарын» интеллектуалдық жоба сайысында ІІІ орын, облыстық ғылыми жоба конкурсында ІІ орын иелендім. Бүгін бізге облыс әкімдігі қолдау көрсетіп, марапаттап жатқанына қуаныштымын! Мұндай игі шаралар оқушылардың талабын одан ары шыңдай түседі. Болашақта еліміздің қаржы және экономика саласының дамуына елеулі үлес қосқым келеді», — деді Ақмарал Төкен.

Айта кетейік, дарынды балаларды қолдау және терең білім алуына жағдай жасау мақсатында Қонаев қаласында мамандандырылған лицей-интернат салу, «Маралсай» демалыс аймағында лагерь ашу, облыс көлемінде Д. Қонаев атындағы жүлдені тағайындау, «Құрмет аллеясын» салу жоспарланып отыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚонаевМарат Сұлтанғазиев

Соңғы жаңалықтар

Жол қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік

Диана Ахметова
05.08.2026

Алкогольге тәуелділіктің әлеуметтік салдары

Диана Ахметова
05.08.2026

Есірткі – қоғамға төнген қауіп

Диана Ахметова
05.08.2026

Экологиялық мәдениет – уақыт талабы

Диана Ахметова
05.08.2026

Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның берік негізі

Диана Ахметова
05.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz