Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының әкімі дүниежүзілік банк өкілдерімен әлеуетті инвестициялық жобаларды талқылады

Дүниежүзілік банк өкілдері Қазақстанда жаңадан құрылған облыстарды одан әрі дамытуды қолдау жөніндегі жобаны ұсынды, деп хабарлады Alataunews.kz тілшісі.

12.01.2023
Аймақ

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесу барысында облыстағы түйінді сын-қатерлер мен проблемалық мәселелер, сондай-ақ перспективалы инвестициялық бағыттар туралы айтты.

Бүгінгі таңда өңір экономикасына инвестиция тартуды тежейтін негізгі проблема Қонаев қаласының өзінде де, барлық аудандарда да жеткілікті дамымаған инфрақұрылым, деп атап өтті әкім.

«Инфрақұрылымның жай-күйі барлық жерде жаңартуды қажет етеді. Егер біз осы мәселені ретке келтірсек, инвестициялар келеді. Инфрақұрылым мәселесі-инвесторларды тартуды тежейтін негізгі мәселе. Өз тарапымыздан біз қазір осы бағыттағы мәселелерді белсенді түрде шешіп жатырмыз, сондай-ақ инвестициялық жобалар үшін жер учаскелерін іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деді облыс басшысы.

Өз кезегінде дүниежүзілік банк өкілдері әкімге агломерациялық орталықтардың (ACED) экономикалық дамуының алдын ала жобасын ұсынды, оны іске асыру Ұлттық экономика министрлігімен және жергілікті билік органдарымен серіктестікте көзделіп отыр. Жоба шеңберінде Қазақстанның үш жаңа облысында және облыс орталықтарында (оның ішінде Алматы облысында және Қонаев қаласында) бірқатар іс-шараларды жүзеге асыру көзделуде. Барлық өңірді қаржыландырудың жалпы көлемі 50-100 млн АҚШ доллар, алайда нақты сома бұдан әрі талқыланып, бекітіледі.

Жалпы жоба жергілікті инфрақұрылымды жетілдіруге, өңірлердің экономикалық бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға, қызмет көрсету сапасын арттыруға (оның ішінде коммуналдық және мемлекеттік), жергілікті халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған, деп атап өтті ДБ өкілдері.

2023 жылғы қаңтарда банк өкілдері облыстарға баруды және мүдделі тараптармен кеңестер өткізуді жоспарлап отыр. Жоба 2024 жылы іске асырыла бастайды.

Тегтер: Басты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz