Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының әкімі 2023 жылдың басым бағыттарын айқындады

Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездескен өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев биылғы жылға қойылып отырған тапсырмалар мен басым бағыттарды айқындады.

20.02.2023
Аймақ
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

Облыс басшылығының алдында келесідей міндеттер тұр:

1. Экономикалық дамудың жоғары қарқынын қалпына келтіру, инвестиция тарту және халықтың табысын ұлғайту;

2. АӨК саласында ет, сүт, майлы дақылдар, көкөністер мен жемістерді өңдеу бойынша ірі инвестициялық жобаларды іске асыру;

3. Ауыл тұрғындарына шағын несие беруге бөлінген қаржыны толық игере отырып, «Ауыл Аманаты» жобасын жүзеге асыру;

4. Қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде шағын және орта бизнесті жан-жақты қолдау;

5. Тұрғын үй құрылысы көлемін ұлғайту, ауылішілік жолдарды жөндеу, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету;

6. Халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту мақсатында облыс халқының табысын 2029 жылға дейін арттыру жөніндегі өңірлік жоспарды іске қосу;

7. Үш ауысымды мектеп мәселесін шешу, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру;

8. Ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін арттыру үшін «Ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру;

9. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қолайлы орта жасау.

Облыс әкімінің баяндамасын тыңдаған Қоғамдық кеңес мүшелері арнайы қарар қабылдады. Құжатқа сәйкес, Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиевтің Алматы облысының әкімі ретіндегі қызметі қанағаттанарлық деп танылды. Сонымен қатар олар облыс басшысына өңірге инвестициялар тарту, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, кәсіпкерлікті, шалғай аудандарды, облыс орталығы — Қонаев қаласының инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыруды ұсынды.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚонаевМарат Сұлтанғазиев

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк: инфляция 11,7%-ға дейін төмендеді

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

СІМ қазақстандықтарға Таяу Шығыстағы бірқатар елге бармауға кеңес берді

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

Қонаевта өңір дамуына үлес қосқан әйелдер марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

Алматы облысында агросаланың болашағы талқыланды

Мөлдір Иманмади
06.03.2026

Dolce компаниясының ұжымы: Жаңа Конституция – ел дамуы үшін маңызды

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz