Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысындағы индустриалды аймақ кезең-кезеңімен қаржыландырылады

Бұл туралы Алматы облысындағы 4 индустриалды аймақпен танысқан ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты.

20.02.2023
Аймақ
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

Министрге таныстырылым жасаған сала маманының мәліметінше, қазіргі таңда Шелек пен Қазыбек бек индустриалды аймақтарының құрылысы жоспарланып жатыр. 4 аймақтың ішінде ең үлкені — Қазыбек бек. Ол Жамбыл ауданында салынады. Жер көлемі — 900 гектар.

«Қазыбек бек индустриалды аймағы 5 бөлікке бөлінген. Бұл жерде түрлі саладағы өнеркәсіп орындары орналасады. Аймаққа инфрақұрылымдық желілердің барлығын тарту үшін алдын ала есеп бойынша 53 млрд теңге қажет. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаты (ЖСҚ) дайындалып жатыр», — деді маман.

Ал министр Марат Қарабаев болса, 53 млрд теңге бірден бөлінбейтінін алға тартты.

«Алдымен техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) жасап, кейіннен ЖСҚ әзірлеуге көп уақыт кетеді. Сондықтан мен сіздерге 900 гектарға ТЭН-ні жаңадан қабылданған ереже бойынша жасауды ұсынамын. Яғни, сатылы негіздеме дайындауларыңыз қажет. Бұл құжаттың өзінде «П сатысы» болады. Аталған саты ЖСҚ-сыз құрылыс бастауға, ақша бөлуге мүмкіндік береді. Ал қаржы жағына келсек, 53 млрд теңге бірнеше бөлікке бөлініп, индустриалды аймақ кезең-кезеңімен қаржыландырылады», — деді министр.

Тегтер: Алматы облысыҚонаев қаласыМарат Қарабаев

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк: инфляция 11,7%-ға дейін төмендеді

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

СІМ қазақстандықтарға Таяу Шығыстағы бірқатар елге бармауға кеңес берді

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

Қонаевта өңір дамуына үлес қосқан әйелдер марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

Алматы облысында агросаланың болашағы талқыланды

Мөлдір Иманмади
06.03.2026

Dolce компаниясының ұжымы: Жаңа Конституция – ел дамуы үшін маңызды

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz