Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысындағы ең үлкен жылыжайдың көлемі тағы да 10 гектарға ұлғайтылуы мүмкін

Бүгін Алматы облысының әкімі өңірдегі ең үлкен «GreenLand Alatau» жылыжайына іс-сапармен барды.

23.12.2022
Аймақ
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

Сапар барысында өндіріс ошағын 10 гектарға ұлғайту мәселесі қарастырылды.

«Жылыжайдың қазіргі аумағы 9,7 гектар. 1 гектардан 102 келі өнім алып отырмыз. Жылдық қуаттылығы – 9 000 тонна қызанақ пен қияр шығаруға жеткілікті. Ай сайын мемлекетке 15 миллион теңге салық төлейміз. Өнеркәсіп ошағында 248 адам жұмыс істейді. Жылыжай облыс тұрғындарын маусымаралық кезеңде жоғары сапалы жергілікті өніммен қамтамасыз етіп отыр. Тағы да қосымша жеріміз бар. Жоспар бойынша жылжайды тағы да 10 гектарға үлкейтеміз деп ойлағанбыз. Алайда, бұл жобаға инвесторларды тарту керек болып тұр», — деді өндіріс орнымен таныстырған серіктестіктің қаржы директоры Бақыт Сәрсенбаев.

Фото: Аслан Қажеке

Ал өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев болса қажетті мемлекеттік қолдау көрсетілетінін айтты.

«Жылыжай басшылығының жоспары жүзеге асуы үшін қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде жағдай жасап, қолдау көрсететін боламыз. Қазіргі таңда облыстың әлеуетін арттыру мақсатында көптеген инвесторлармен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Жылыжай мәселесі де назарымыздан тыс қалмайды», — деді облыс әкімі.

Фото: Аслан Қажеке

Айта кетейік, Қонаев қаласы аумағында жалпы ауданы 18,4 га және өндіріс қуаты жылына 12 мың тоннаға жуық 4 жылыжай орналасқан.

Тегтер: Алматы облысыжылыжайМарат Сұлтанғазиев

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
18.09.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
18.09.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
18.09.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
18.09.2026

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz