АЭС атауын таңдау конкурсы 25 қыркүйекте eGov Mobile мобильді қосымшасында басталып, бүкіл ел бойынша үлкен қызығушылық тудырды. Байқауға 28 000-нан астам ұсыныс келіп түсті.
Ұсынылған атаулар арасында:
ел тарихына қатысты нұсқалар,
географиялық аймақ атаулары,
танымал тұлғалардың есімдері,
заманауи және технологиялық атаулар болды.
Барлық ұсыныстар қаралып, дауыс беру нәтижесінде стансаға «Балқаш» атауы берілді.
Айта кетейік, Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясы Алматы облысында, Балқаш көліне жақын орналасқан Үлкен ауылында салынатын болады. Жоба еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін арттыруға бағытталған стратегиялық маңызды нысан ретінде қарастырылады.





