Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жолды күтіп ұстау талабын орындамаған 40 адам жауапкершілікке тартылды

Мұны кезекті баспасөз мәслихатында облыстық полиция департаменті мен прокуратураның мамандары Еркебұлан Ахметов пен Бауыржан Бимолданов айтты.

11.04.2023
Аймақ

Мамандардың айтуынша, Алматы облысының полиция департаменті мен прокуратурасы «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» жобасын іске асырып жатыр. Аталған жобаның аясында 38 жол торабына тексеру жүргізілді. Шара барысында жолдарды күтіп ұстау бойынша көптеген кемшіліктер анықталып, жол-коммуналдық ұйымдарына тиісті нұсқама берілді және жауапты 40 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Жамбыл , Қарасай, Талғар және Іле аудандары мен Қонаев қаласының жолдарын зерттеу нәтижесінде жол қозғалысын ұйымдастыруды өзгерту жөнінде шаралар қабылдауды талап ететін апатты-қауіпті учаскелер анықталды. Осының негізінде жоспар құрылып, ЖАО мамандары 18 бағдаршам, 830 дана жол белгілерін, оқу орнының жанында жасанды кедергілер және т.б. орнату бойынша шаралар қабылдап жатыр. Сондай-ақ жылдамдық режимін төмендету үшін 132 стационарлық аппараттық — бағдарламалық кешенді, патрульдік автомобильдерге 20 жылжымалы кешенді сатып алуға 500 млн теңгеден астам қаржы бөлінді», — деді мамандар.

Жалпы жыл басынан облыстағы ПД уәкілетті қызметкерлері 285 автомобиль жолдары мен көше-жол желісін тексеруді ұйымдастырды.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Референдум: Алматы облысында дауыс беру учаскесін қалай білуге болады

Қорлан Нұрланқызы
11.03.2026

Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған жұлдыздар матчы өтті

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Air Astana БАӘ-де қалған қазақстандықтарды елге жеткізу үшін арнайы рейстер ұйымдастырады

Қорлан Нұрланқызы
09.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz