Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жастар саясаты қарқынды жүзеге асырылып жатыр

Алматы облысында мемлекеттік жастар саясаты жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
05.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

Өңірде жастарды қолдауға бағытталған бағдарламалар мен іс-шаралар белсенді ұйымдастырылуда. Мәселен, тек өткен аптада 3000-ға жуық жасты қамтыған 40-тан астам іс-шара өткізілген.

Жұмысшы мамандықтар жылына орай еңбекші жастар арасында мини-футболдан аудандық іріктеу турнирлері ұйымдастырылды. Финалдық ойындар тамыз айының ортасына жоспарланған. Бұл бастама жастарды салауатты өмір салтына баулумен қатар, ұжымда жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруды көздейді.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өңірде 60-қа жуық экологиялық акция өтті. Іс-шараларға 7000-ға жуық жас қатысып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен табиғатқа жауапкершілікпен қарау – бұл бағыттағы басты мақсат.

1 тамыздан бастап «Жасыл ел» бағдарламасы шеңберінде облыстағы қала-аудандарда 1000 жас маусымдық жұмысқа тартылды. Жоба жастардың еңбекке бейімділігін арттырып, қоғамдық өмірге белсенді араласуына мүмкіндік беріп отыр.

Жастардың патриоттық санасын арттыру мақсатында шекаралық бөлімшелерде және әскери бөлімдерде ашық есік күндері ұйымдастырылды. Қатысушыларға арналған экскурсиялар мен әскери қызметшілермен кездесулер жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін нығайтуға бағытталды.

Сауда орындары мен базарларда бейресми жұмыс істейтін жастармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 112 жас еңбек шартын ресімдеп, ресми түрде жұмысқа орналастырылды.

Алматы облысында жастар арасындағы құқықбұзушылық, нашақорлық, құмар ойындар мен суицидтің алдын алуға арналған кешенді профилактикалық шаралар жалғасуда:

  • 500-ден астам заңсыз граффити жойылды;

  • 1000-нан астам ақпараттық парақша таратылды;

  • 1200 қатысушыны қамтыған 10 тақырыптық семинар өткізілді;

  • Шілде айында түнгі рейдтер ұйымдастырылып, 118 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды;

  • Жастармен және ата-аналармен жүйелі түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

12 тамыз – Халықаралық жастар күні. Осыған орай облыста мерекеге арналған түрлі мәдени-спорттық және тәрбиелік іс-шаралар өткізу жоспарланған.

Алматы облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мәди Ахметов:

«Жастар – елдің болашағы. Біздің басты міндетіміз – олардың әлеуетін ашу, еңбекқорлыққа, білімге құштарлық пен Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Біз жастардың әр бастамасын қолдауға дайынбыз және бұл бағыттағы жүйелі жұмысымызды жалғастырамыз», – деді.

Алматы облысында мемлекеттік жастар саясаты – жастарды жан-жақты қолдауға, әлеуметтік белсенділігін арттыруға және олардың кәсіби дамуына ықпал етуге бағытталған. Бұл – елдің стратегиялық дамуына қосылған нақты үлерді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында референдум: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz