Шараны облыстық жастар ресурстық орталығы өткізді. Оның негізгі мақсаты — өнер саласындағы дарынды жастарды қолдау, олардың қабілеттерін шыңдау және командалық рухты күшейту.
Байқау екі кезеңнен тұрды: іріктеу және финал. Қатысушылар үш бағыт — вокал, би және музыкалық аспапта ойнау бойынша өз өнерлерін ортаға салды.
Облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Шыңғыс Мұқашевтың айтуынша, мұндай жобалар жастардың өнерге деген қызығушылығын арттырып, жаңа серпін береді.
«Алматы облысының әр өңірінен келген 11 команда өзара бақ сынады. Әрқайсысы ерекше дайындықпен келіп, сахнада шынайы талантын көрсетті», – деді ол.
Финал қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сыйлықтарға ие болды:
- І орын — Қарасай ауданы (350 000 теңге);
- ІІ орын — Қонаев қаласының «Өнер» мектебі (250 000 теңге);
- ІІІ орын — Балқаш ауданы (150 000 теңге).
Кештің көркін танымал эстрада жұлдыздары мен музыкалық топтар қыздырып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «JAS STARS» байқауы алдағы жылдары дәстүрге айналып, өңір жастарының шығармашылық дамуына серпін беретін тұрақты жоба болмақ.





