Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жаңа туристік нысандар салынады: Кегенде аспалы әйнек көпір бой көтермек

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев «ASK Capital» және «Строй Индустрия» ЖШС өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізіп, өңірдегі туристік салаға бағытталған инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын талқылады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
03.02.2026
Аймақ, Алматы облысы

Кездесу барысында инвесторлар облыстың туристік әлеуетін арттыруға бағытталған екі ірі жобаны таныстырды. Атап айтқанда, этно-туристік «Көшпенділер қаласы» кешенінің тұжырымдамасы және Кеген ауданындағы «Қара шатқал» туристік аймағында аспалы әйнек көпір салу жобасы ұсынылды.

«ASK Capital» компаниясы өңір үшін жаңа туристік нысан ретінде аспалы әйнек көпір жобасын таныстырды. Жобаның жалпы құны — 1,5 миллиард теңге.

Құрылыс кезеңінде 120 уақытша жұмыс орны, ал нысан іске қосылғаннан кейін 58 тұрақты жұмыс орны ашу жоспарланған. Жобаны жүзеге асыру мерзімі — 2025–2026 жылдар.

Инвесторлардың мәліметінше, толық іске қосылғаннан кейін көпір жыл сайын 400–600 мың турист қабылдай алады.

Айта кетейік, 2024 жылы аудандық бюджет есебінен 57 миллион теңгеге электр желілерін тарту жұмыстары жүргізіліп, аяқталған. Қазіргі таңда автотұрақ пен павильон құрылысына арналған алаңды дайындау жұмыстары тәмамдалып, жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. Сараптама қорытындысы шыққаннан кейін құрылыс жұмыстары басталады.

Кездесуде сондай-ақ көшпелі өркениеттің тарихи-мәдени мұрасына негізделген «Көшпенділер қаласы» жобасы таныстырылды. Бұл кешен өңірдің туристік әлеуетін кешенді дамытуға бағытталған және инвестордың 100 пайыз жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Болжам бойынша, этно-туристік кешен жылына 150 мыңға дейін турист қабылдай алады. Құрылыс кезінде 120-ға дейін жұмыс орны, ал пайдалану кезеңінде 80 тұрақты жұмыс орны ашылады.

Жоба толық іске қосылған кезде туристік маусымның шарықтау кезеңінде күніне 2 мыңға дейін келуші қабылдау мүмкіндігі қарастырылған.

Кездесу соңында байланыс желілері мен телекоммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімсіздігі секілді бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тиісті мемлекеттік органдарға қолданыстағы заңнама аясында аталған мәселелерді шешу жолдарын пысықтауды тапсырды.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де KAIST филиалын ашу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Алматы облысында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Қонаевта дәрігерлер асқазан қатерлі ісігінің асқынған түріне күрделі ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Қазақстандық оқушылардың 2026–2027 оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Іле ауданында егін жинау науқаны қарқын алды: алғашқы өнім жиналып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz