Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жаңа туған шақалаққа күрделі ота жасалды

Облыстық балалар клиникалық ауруханасына ми қан айналымының жедел бұзылуы диагнозымен түскен нәрестеге сәтті ота жасалды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
03.06.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Фото: «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

Фото: «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметінің мәліметінше, емхана қабырғасына шақалақ ауыр хәлде жеткізілген. Дәрігерлер қажетті тексерулерден кейін баладан геморрагиялық типтегі жіті ми қанайналымының бұзылысын анықтаған. Сол жақ самай-төбе аймағында масс-эффектпен байқалатын жіті миішілік қан ісігін көрген. Шұғыл көрсеткіштер бойынша нейрохирургтер сәбиді ота үстеліне жіберуге шешім қабылдапты.

«Науқас ауыр хәлде жеткізілді. Краниотомия, яғни субдуралдық ісікті дренаждау отасын жасау шешілді. Қуанышымызға орай бәрі сәтті аяқталды. Нәресте одан кейін неонатолог Арайлым Болат, анестезиолог-реаниматолог Ұлжан Маханованың бақылауында болды. Дәрігерлердің жоғары біліктілігі нәтижесінде баланы аман алып қалдық», — дейді отаны жүргізген нейрохирург Рахим Ахмаров.

Ақ халатты жандардың айтуында, нейрохирургиялық араласудан кейінгі кезең асқынусыз өтіп, бала денсаулығында оң динамика байқалыпты. Сәби 12 күннен кейін қанағаттанарлық жағдайда үйіне жіберілген. «Қазіргі таңда оның дені сау, жасына сай дамып келеді», — дейді дәрігерлер.

Айта кетерлігі, ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі есебінен тегін жүргізілді.

Тегтер: алматы облысының жаңалықтарыМӘМСМӘМС қоры КЕАҚ Алматы облыстық филиалы

Соңғы жаңалықтар

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Али Хаменейдің ұлы Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы атануы мүмкін – БАҚ

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz