Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жаңа оқу жылы 9 мектептің ашылуымен басталды

Алматы облысында бүгінгі Білім күні ерекше маңызға ие болды. Өңірде 491 мектептің есігі айқара ашылып, 362 мыңнан астам оқушы жаңа оқу жылын бастады. Оның ішінде 35,5 мың бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттап отыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
01.09.2025
Аймақ, Алматы облысы

Жаңа оқу жылының басты ерекшелігі – облыста 9 жаңа мектептің пайдалануға берілуі. Соның сегізі ұлттық «Келешек мектеп» жобасы аясында салынса, біреуі жеке инвестордың қаражаты есебінен бой көтерді. Заманауи талаптарға сай жабдықталған бұл білім ордалары оқушыларға жайлы әрі қолайлы орта қалыптастырады.

Білім сапасын арттыру мақсатында биыл оқулықтар қоры толық жаңартылды. Жаңа оқу жылына орай облыстың барлық мектептері қажетті құралдармен 100 пайыз қамтамасыз етілді. Бұл мақсатқа 3 млрд теңге бөлініп, 808 568 жаңа және қайта басылған кітап сатып алынды.

Алғаш рет 4-сынып оқушыларына қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін орыс тілі, сондай-ақ ағылшын, неміс, француз тілдері, еңбекке баулу, бейнелеу өнері, цифрлық сауаттылық және жаратылыстану пәндерінен жаңа оқулықтар енгізілді. Ал орта және жоғары сыныптарға арналған қазақ және орыс тілі мен әдебиеті, математика, физика, химия, биология, Қазақстан тарихы, ағылшын тілі мен көркем еңбек пәндерінің жаңартылған басылымдары жеткізілді.

Сонымен қатар «Қазақстан географиясы» (7–8 сынып), «Қазақстан тарихы» (8 сынып), «Бастапқы әскери және технологиялық дайындық» (10–11 сынып) және «Құқық негіздері» (11 сынып) оқулықтары қайта басылып, оқушыларға ұсынылды.

Жаңа оқу жылының басталуы білім саласын дамытуға жасалған зор қадам ретінде бағалануда.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының әкімі жұмысшы жастармен жүздесті

Қорлан Нұрланқызы
12.08.2026

Президент белгілі актер Нұрқанат Жақыпбайды «Қазақстанның халық әртісі» атағымен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
12.08.2026

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Диана Ахметова
12.08.2026

Меншікке қол сұқпау – заң талабы

Диана Ахметова
12.08.2026

Есірткісіз өмір – дұрыс таңдау

Диана Ахметова
12.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz