Полиция департаментінің мәліметінше, отбасы көміртегі тотығына уланып қалған.
«Аталған дерек дереу аудандық полицияда тіркелді. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалып, барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр. Түпкілікті шешім тағайындалған сараптамалық тексерулердің нәтижелері бойынша қабылданады. Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккендер көміртегі тотығымен уланған», — деп жазды ПД.
Айта кетейік, тергеудің толықтығы үшін Алматы облысының ТЖД зерттеу сынақ өрт зертханасы, Газ қызметі және СЭҚ шақырылғаны айтылды.
Бұған дейін 4 мамырда 1984 жылғы ер адам және 2008, 2010, 2013 және 2018 жылғы төрт бала уланып қайтыс болғанын жазғанбыз. 1985 жылғы әйел Шамалған ауылындағы ауруханада емделіп жатыр.
Алматы облысында әкесі мен оның 4 баласы уланып қайтыс болды





