Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында үш жылда медицина ұйымдарын жабдықтау 79%-дан 92%-ға жетті

Алматы облысында Президент тапсырмасы негізінде қабылданған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жабдықтау бағытында жүйелі жұмыстар жалғасып келеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
24.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

Соңғы үш жылда өңірдегі медициналық мекемелердің заманауи техникамен қамтамасыз етілу деңгейі 79 пайыздан 92 пайызға дейін өсті.

2024 жылы облыстың денсаулық сақтау мекемелері 239 бірлік медициналық техникамен және 15 санитарлық автокөлікпен толықтырылды. Ал 2025 жылы жергілікті бюджеттен 3,4 млрд теңге бөлініп, барлығы 347 бірлік медициналық техника сатып алу жоспарланып отыр. Оның ішінде 1 магнитті-резонанстық томография (МРТ) аппараты, 1 ангиограф, 10 бейнеэндоскопиялық кешен, 2 маммограф және 2 сараптамалық деңгейдегі ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) аппараты бар.

Сонымен қатар, Жаһандық қордың қолдауымен Алматы облыстық фтизиопульмонология орталығы 51,5 млн теңге тұратын жаңа рентген аппаратымен жабдықталды.

Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменовтің айтуынша, өңірдің медициналық инфрақұрылымын жетілдіру жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасын табады.

«Медициналық техникамен жабдықтау – тұрғындарға сапалы әрі уақытылы медициналық көмек көрсетудің басты кепілі. Соңғы жылдары бұл бағытта айтарлықтай ілгерілеу байқалды. Жаңа жабдықтар диагностика мен емдеу тиімділігін арттырады. Алдағы уақытта бұл жұмысты одан әрі жандандырамыз», – деді Ержан Сүлейменов.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында референдум: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Тоқаев Қатар Әмірімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz