Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында тұңғыш рет IT-жобалар конкурсы өтті

Алматы облысында цифрландыру күніне орай, мектеп оқушылары арасында IT-жобалар байқауы өтті.

10.11.2023
Аймақ

Облыстық цифрлық технологиялар және білім басқармасының мұрындық болуымен, сондай-ақ Іле ауданы әкімдігінің қолдауымен бастау алған шараның негізгі мақсаты облыс оқушылары арасында IT саласын танымал ету.

Байқаудың ашылу салтанатында сөз алған облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Жандос Сәбитұлы, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.

Екі кезеңнен тұратын облыстық алғашқы ауқымды конкурс 8-10 сынып оқушылары арасында өтті. Байқауға жалпы саны 32 жоба қатысқан, комиссия мүшелерінің сүзгісінен 10 үздік жоба ақтық кезеңге жолдама алды.

«Smart City технологиялары» еркін тақырыбы негізінде өткізілген конкурста қатысушылар қаланың ақпараттық жүйесі, қалалық цифрлық платформа, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік сала, энергетика, қалдықтарды басқару, көлік және ұтқырлық, қаладағы қауіпсіздік, экология және өзгеде өзекті бағыттар негізінде IT-жобаларды әзірлеп, қазылар алқасының алдында таныстырды.

Байқаудың ережелеріне сай, қатысушыларға жобаны қорғауға 3-5 минут, сұрақтарға жауаптар беруге 3 минут уақыт берілді.

Тың салада жасампаз жол салуға құлықты оқушыларға «SERGEK GROUP», «KazAeroSpace», «Freedom Telecom» сынды елімізге танымал компаниялардың белді өкілдері мен Алматы облыстық білім беру саласындағы ғылыми-тәжірибелік ақпараттық технологиялар орталығынан келген мамандар қазылық етті. «SERGEK GROUP», «KazAeroSpace» копаниялары байқаудың бас демеушілері болды.

Жарты күнсе созылған білімділер додасында кіл мықты ғана жеңімпаз атанды. Конкурс қорытындысына сай, жүлделі бірінші орынды Жұбаныш Бәрібаев атындағы орта мектептің оқушылары Алижан Асан, Құралай Орынбаева иемденді. Олардың «Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқытуда қолданылатын мобильді қосымша әзірлеу» атты жобасы үздік деп танылды.

Жүлделі екінші және үшін орынды Талғар ауданы Ілияс Жансүгіров атындағы №37 орта мектебінен келген оқушылар өзара бөлісті.

Екінші орынға «SMART SCHOOL» (Ақылды мектеп) атты жобасы лайық деп танылды. Бұл жұмыстарды Балжан Капаева және Әмина Урусбек қорғап шықса, үшінші орынға «Blender 3D технологиясы- Қазақстанның өткені мен болашағы» деген жұмыстары үшін 8-сынып оқушылары Айдын Оспанғали мен Айша Теміржан иеленді.

Жеңімпаздар дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 1500 шақырымдық туристік маршрут зерттелді

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында көші-қон заңын бұзған 9 шетелдік елден шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысындағы резонансты іс: ер адам 25 жылға сотталды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында дәрігерлер күрделі ота жасап, науқастың өмірін сақтап қалды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Іле ауданында 10 мыңға жуық ағаш отырғызылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz