Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында Тамыз кеңесі өтті: білім саласының дамуы мен жаңа міндеттер айқындалды

Алматы облысында дәстүрлі Тамыз кеңесі өтіп, онда жаңа оқу жылындағы білім беру саласының негізгі басымдықтары мен алдағы міндеттер талқыланды. Кеңеске облыс басшылығы, ардагер ұстаздар, педагогтар мен білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 15 тамызда өткен республикалық Тамыз конференциясында берген тапсырмаларына айрықша назар аударылды. Президент педагог мәртебесін көтеру, сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, әділетті әрі қуатты Қазақстан құру ісіндегі мұғалімдердің рөлін күшейту, мектеп қауіпсіздігін арттыру және білім беру жүйесін жаһандық үрдістерге бейімдеу жөнінде нақты міндеттер қойған болатын.

«Педагог мәртебесін арттыру, қала мен ауыл мектебі арасындағы білім сапасын теңестіру, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз. Мектеп қабырғасында әділ де адал азамат қалыптасады. Сондықтан ұстаздарға зор сенім артылып отыр», — деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық жиында.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев кеңес барысында өңірдегі білім беру саласының жетістіктері мен өзекті мәселелерін атап өтті. Әкімнің айтуынша, биылғы жылдың ең үлкен қуанышты жаңалығы – Еңбекшіқазақ ауданы Толқын орта мектебінің түлегі Санжар Қуандықтың Ұлттық бірыңғай тестілеуде рекордтық 140 балл жинауы.

«Бұл – қарапайым ауыл мектебінде де терең білім алып, үлкен жетістіктерге жетуге болатынының айқын дәлелі. Осындай табыстарды арттыру – біздің басты мақсатымыз», — деді облыс әкімі.

Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге биыл облыстық бюджеттен 525,1 млн теңге бөлінген. Оның ішінде 253,1 млн теңге білім беру мекемелерін лицензияланған күзетпен қамтамасыз етуге, 188 млн теңге бейнебақылау жүйесін жаңартуға, ал 84 млн теңге мекемелерді Жедел басқару орталығына қосуға бағытталды.

Марат Сұлтанғазиев ұстаздардың қоғам алдындағы жауапкершілігіне тоқтала келе:
«Білім беру – ең күрделі әрі маңызды сала. Әрбір педагогтың кәсіби құзыреттілігі жоғары болуы тиіс. Себебі мемлекет те, ата-ана да, болашақ та Сіздерге сенім артады», — деді.

Кеңес барысында педагогикалық қауымдастық Мемлекет басшысы айқындаған бес негізгі бағытты жүзеге асыруға дайын екендігін білдірді. Атап айтқанда, мұғалім мәртебесін көтеру, білім сапасын теңестіру, оқушылардың қауіпсіздігін күшейту, әділетті қоғам құру ісіне атсалысу және білім беру жүйесін заманауи үрдістерге бейімдеу жаңа оқу жылындағы басты міндеттер болып белгіленді.

Жиын соңында ұстаздар қауымына жаңа оқу жылында табыс тілектеліп, жас ұрпақты сапалы білім мен тәрбиемен қамту ісінде бірлікпен жұмыс істеу қажеттігі атап өтілді.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында референдум: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Тоқаев Қатар Әмірімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz