Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында Talgar Eco City жобасы таныстырылды

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Жоғары мәртебелі шейх Абдулла бен Мохаммед бин Бутти Әл Хамед пен Talgar Eco City жобасының бастамашысы және иесі Бақыт Атайбековпен кездесу өткізді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
27.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

Кездесу барысында ауқымды Talgar Eco City жобасының бас жоспары таныстырылды. Келіссөздер Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Рауан Жұмабек қолдауымен өтті және өңірдің инфрақұрылымын дамыту мен қаржыландыру мәселелеріне арналды.

Talgar Eco City жобасы Талғар қаласы мен Ақдала ауылын қамти отырып, шамамен 600 гектар аумақты алады. Жоба аясында тұрғын үй кешендері, мектептер, медициналық мекемелер, сауда-ойын-сауық орталықтары салу және жасыл қоғамдық кеңістіктер құру жоспарланып отыр. Концепция экологиялық тазалық және «жасыл» технологияларды қолдану қағидаларына негізделген.

Бас жоспарды БАӘ-нің AE7 халықаралық компаниясы әзірледі. Жобаны жүзеге асыру мақсатында 2025 жылғы шілдеде Алматы Халықаралық Қаржы Орталығының базасында қазақстандық Dinar Holding Ltd. пен әмірліктерлік 44Degree компанияларының қатысуымен Talgar Development Ltd. бірлескен кәсіпорны құрылды.

Алматы облысының әкімдігі жобаның іске асуын жан-жақты қолдап отыр, оның ішінде инженерлік желілерге қосылу және 2028 жылға дейінгі Алматы агломерациясын дамыту бағдарламасы аясында сыртқы инфрақұрылымды дамыту мәселелері де қамтылады.

Сапар барысында EXIM Finance компаниясының басшысы Салах Ибрагим Әл Нассермен кездесу өтті. Кездесуде ауыл шаруашылығы, логистика және туризм салаларындағы Алматы облысының жобалары талқыланды. 2017 жылы Дубайда құрылған EXIM Finance компаниясы экспорттық-импорттық және инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландырумен танымал. Оның және БАӘ іскер топтарының қатысуы Қазақстанға деген сенімділіктің жоғары екенін көрсетеді.

Сонымен қатар, Дубайда орналасқан малайзиялық International Investment Consortium (IIC) инвестициялық банкі мен оның жетекшісі Dato Dr. Arshad Mahmood мырзамен жеке кездесу өткізілді. Тараптар Алматы облысындағы жобалар мен ірі инфрақұрылымдық бастамаларды қаржыландыру мүмкіндіктерін талқылады.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Тоқаев Қатар Әмірімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Әуе кеңістігі жабылды: БАӘ-де қалған қазақстандықтарға елшілік үндеу жасады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Мемлекет басшысы Алғыс айту күнімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz