Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында су тасқынына қарсы жұмыстар күшейтілді

Алматы облысында су тасқынының алдын алу мақсатында күнделікті мониторинг жүргізілуде. Жағдайды бақылау және жедел әрекет ету үшін жаңадан әзірленген "Tasqyn" ақпараттық жүйесі енгізіліп, мамандар арнайы оқытылуда, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
18.02.2025
Аймақ, Алматы облысы

Бұл жүйені Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі әзірлеген.

Облыста су деңгейін бақылау үшін 42 гидропост орнатылған:

  • 27 гидропост – «Қазгидромет» мекемесіне тиесілі,
  • 15 гидропост – «Қазселденқорғау» мекемесіне қарасты.

Бақылау нәтижесінде өзен арналарының су өткізу қабілеті тұрақты екені анықталды. Аймақтағы «Қапшағай», «Күрті», «Бартоғай» және «Бестөбе» су қоймаларында су толтыру штаттық режимде жүргізілуде. Қазіргі таңда су қоймаларындағы су деңгейі 31%-дан 92%-ға дейін жеткен:

  • Бестөбе – 30,5%
  • Күрті – 53,9%
  • Бартоғай – 78,3%
  • Қапшағай – 92,6%

Қалған су қоймалары транзиттік режимде жұмыс істеп, тұрақты бақылауға алынған.

Облыстың 4 ауданында су тасқыны қаупі жоғары деп танылған 13 учаске анықталды. Бұл аймақтарда 11 мыңнан астам тұрғын үй мен 34 мыңнан астам адам тұрады.

Алдын алу шаралары аясында:
✅ 63,6 км арық пен 30 км канал тазартылды.
✅ 78 су өткізу құбыры (автомобиль және теміржол астындағы) қалпына келтірілді.
✅ Елді мекендерден қар шығару үшін 6 арнайы орын белгіленіп, мердігерлік ұйымдармен келісім жасалды.
✅ 17 мың м³ қар шығарылды.

Су тасқынына қарсы іс-шараларға облыс бойынша 1136 маман және 347 арнайы техника дайындалды:
? 155 бірлік – трактор, бульдозер, экскаватор
? 108 бірлік – кран, тиегіш, самосвал
? 65 бірлік – эвакуациялық техника
? 19 бірлік – жоғары өтімді техника (трекол, УАЗ және т.б.)
? 130 мотопомпа, 36 жүзу құралы
? 8,2 мың тонна инертті материал, 81,5 мың қап
? 76 тонна жанар-жағармай (48 тн бензин, 28 тн дизель отыны)

Барлық техника мен құрал-жабдықтардың дайындығы толық тексерілді.

Сонымен қатар, Алматы қаласы мен Алматы облысының шекаралас аудандарындағы өзендер ерекше бақылауға алынған. Облыстың төтенше жағдайлар қызметтері барлық аудандар мен қалалар әкімдіктеріментығыз байланыста жұмыс істеуде. Су тасқыны қаупі бар учаскелерде алдын алу шаралары күшейтіліп, бақылау жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz