Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында Спорт күні аталып өтті

Қонаев қаласындағы Б. Соқпақбаев атындағы орталық саябақ сахнасында Спорт күніне арналған мерекелік кеш өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
14.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

Бір алаңда олимпиада жүлдегерлері, әлем чемпиондары, спорт ардагерлері, жаттықтырушылар және жас спортшылар бас қосты.

Мереке Жақсылық Үшкемпіровтің аңызға айналған жеңісін бейнелеген театрландырылған қойылыммен ашылды. Одан кейін спорт ардагерлері, жаттықтырушылар мен дене шынықтыру саласының үздік мамандарына марапаттар табысталды.

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев өз сөзінде спортшылардың жетістіктері жүйелі қолдау мен ынталандырудың арқасында мүмкін болып отырғанын атап өтті.

«Спорт – ұлт рухын көтеретін күш. Өңірде спорт саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Жоғары нәтижеге жеткен спортшылар ай сайын стипендия алады, ал «Алатау» клубының жұмысы арқасында қосымша төлемдер беріледі. Сондай-ақ, спорт саласының мамандары мен үздік спортшылар «Отбасы банк» арқылы жеңілдетілген ипотекалық несие рәсімдей алады. Бұл – олардың еңбегіне берілген әділ баға әрі жаңа жеңістерге ынталандыру», – деді әкім.

Соңғы жылдары Алматы облысының спортшылары халықаралық ареналарда жарқын жетістіктерге қол жеткізді. Париж олимпиадасында Демеу Жадраев күміс медаль иеленсе, Харбинде өткен қысқы Азия ойындарында Асет Дүйсенов жүлделі орындарға көтерілді. Боксшылар мен ауыр атлеттер Азия және әлем чемпионаттарында алтыннан алқа тақты.

Бұқаралық спорт та қарқынды дамуда. 2024 жылдан бері «Алатау лигасы» аясында ауылдық округтерде 140 клуб ашылып, футбол, баскетбол, волейбол және үстел теннисі бойынша 318 команда құрылды. Бұл жоба ауыл жастары арасынан жаңа спорт жұлдыздарын анықтап қана қоймай, мыңдаған тұрғынды салауатты өмір салтына баулуда.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында референдум: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz