Зияткерлік ойын Ұйғыр ауданындағы «Alma park» демалыс кешенінде өтті.
Іріктеу кезеңі мен жартылай финалға еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 20 жуық команда қатысып, 7 кезең бойынша бақ сынасты. Олардың ішінде Түркістан, Жетісу, Алматы, Жамбыл облыстарының, Шымкент, Алматы қалаларының тұрғындары бар.
Финалға 8 команда өтіп, өзара бақ сынасты. Нәтижесінде жүлделі І-орынды Алматы қаласының «Роза Бағланова» командасы, ІІ-орынды Алматы облысының «Друзьдің друзьялары» командасы, ІІІ-орынды Алматы қаласының «Brain art» командасы иеленді. Жеңімпаз командаларға ақшалай сертификаттар табыс етілді. Ал финалға қатысқан басқа командалар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жалпы бұл шара қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты нығайту, зияткерлікті дамыту, ғылымға деген қызығушылықты дамыту мақсатында ұйымдастырылған.






