Есептік кезеңде басқармаға 42 азамат жеке қабылдауға келіп, өтініштеріне заңға сәйкес жауап алған. Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы туралы 238 нысаннан хабарлама тіркелген.
Заң бұзушылықтар бойынша хаттамалар толтырылды
Жоспардан тыс тексерулер барысында 70 нысанда заң бұзушылықтар анықталып, хаттамалар толтырылды. Оның ішінде:
21 іс ауданаралық соттарға жолданды;
49 құрылыс субъектісіне 28 млн теңгеден астам айыппұл салынды.
Құрылыс нормалары бұзылған нысандар
Тексеру барысында құрылыс талаптарының сақталмауы бірнеше аудандарда тіркелді. Солардың қатарында:
Іле ауданы – Өтеген батыр ауылындағы 72 пәтерлі тұрғын үй, Көкқайнар ауылындағы дәрігерлік амбулатория;
Балқаш ауданы – Жиделі ауылындағы саябақты абаттандыру;
Кеген ауданы – Мойнақ су электр станциясының оқу-өндірістік кешені;
Райымбек ауданы – Сүмбе өзеніндегі су алу және қайта жаңарту жұмыстары;
Еңбекшіқазақ ауданы – Есік қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйлер аумағын абаттандыру жұмыстары.
Рұқсатсыз құрылыс – сотқа жіберілді
Мониторинг барысында рұқсат құжаттарынсыз салынған 16 коммерциялық нысан анықталды. Бұл нысандарда құрылыс нормалары бұзылып, бекітілген жобадан ауытқулар тіркелген. Аталған фактілер бойынша материалдар сот қарауына жіберілді.
Басқарма өкілдерінің айтуынша, құрылыс саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету, сапаны бақылау және құрылыс мәдениетін арттыру жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.





