Жарыс швейцарлық жүйе бойынша 9 турда, классикалық уақыт бақылауымен (1,5 сағат + әр жүріске 30 секунд) өтті. Турнир үш санатта өтті: Masters, Challengers және Open.
«Qonaev Cup 2025» аясында өткен жоғары «B» санатындағы блиц-турнирде ирандық супергроссмейстер Пархам Магсудлу топ жарды. Бұл жарысқа өте мықты құрам жиналды. Жалпы фестиваль 6 жастан 70 жасқа дейінгі 16 елден келген 260-тан астам шахматшыны біріктірді.
Masters санатында 62 ойыншы бақ сынады, олардың қатарында 21 гроссмейстер және 24 халықаралық шебер болды. Жүлдегерлер:
? Адитья Миттал (Үндістан)
? Гроссмейстер Алексей Гребнев (FID)
? Гроссмейстер Бассем Амин (Египет)
Challengers санатында (83 қатысушы):
? Халықаралық шебер Әбілмансұр Әбділхайыр (Қазақстан)
? Кандидат-мастер Константин Корниенко (FID)
? Халықаралық шебер Бахтияр Аскаров (Қазақстан)
Open санатында:
? Азамат Нурдинов (Қырғызстан)
? Торехан Молбай (Қазақстан)
? Айбек Тлеккабыл (Қазақстан)
Жарысты Қазақстан шахмат федерациясы, ҚР Туризм және спорт министрлігі, Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырды. Бас демеуші – Freedom Holding Corp.





