Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қарасай ауданында жаңа Жастар ресурстық орталығы ашылды

Алматы облысында халық саны мен жастар үлесі ең жоғары саналатын Қарасай ауданында Тәуелсіздік күні қарсаңында Жастар ресурстық орталығының жаңа екі қабатты ғимараты пайдалануға берілді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
13.12.2025
Аймақ, Алматы облысы

Заманауи талаптарға сай салынған жаңа нысан Мемлекет басшысының жастарға арналған қазіргі заманғы инфрақұрылым қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларын іске асырудағы маңызды қадамдардың бірі саналады.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаевтың айтуынша, бүгінде өңірде 432 мың жас өмір сүреді, оның 82 мыңнан астамы Қарасай ауданында тұрады.

«Жаңа орталық жастар үшін шығармашылық, білім алу және спорт алаңына айналады. Сонымен қатар мұнда жұмысқа орналасу, тұрғын үй мәселесі және кәсіпкерлікті дамыту бағытында тегін кеңестер ұсынылады», – деді облыс әкімінің орынбасары.

Аумағы 1 000 шаршы метрді құрайтын ғимарат заманауи стандарттарға толық сәйкес келеді және бірнеше маңызды сервисті бір кеңістікке біріктіреді. Орталықта Мансап орталығының, «Отбасы банкінің» және Жастар денсаулығы орталығының мамандары қызмет көрсетеді. Бұл жастарға қажетті қызметтерді ұзақ күтусіз әрі қолжетімді форматта алуға мүмкіндік береді.

Орталықтың басым бағыттарының бірі – әлеуметтік шеберхананың жұмысы. Мұнда жас қыз-келіншектер мен аналар тігін және пішу дағдыларын тегін меңгере алады. Бұл бастама өзін-өзі жұмыспен қамтуға, қосымша табыс табуға және әлеуметтік бейімделуге, әсіресе әлеуметтік осал санаттағы жастарды қолдауға бағытталған.

Сонымен қатар 2026 жылы орталықта дыбыс жазу студиясы мен подкаст аймағын жабдықтау жоспарланып отыр. Бұл креативті индустрияның дамуына серпін беріп, жас таланттардың заманауи медиа құралдарға қолжетімділігін арттырмақ. Орталық базасында оқыту бағдарламалары, мәдени іс-шаралар, сондай-ақ психологтар, заңгерлер және мемлекеттік бағдарламалар бойынша мамандардың кеңестері ұйымдастырылады.

Алматы облысының жастар саясаты басқармасының басшысы Мәди Ахметовтің айтуынша, өңірде жастар инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.

«Соңғы екі жылда облыс әкімдігінің қолдауымен жастарға арналған кеңістіктерді дамыту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Бүгін Жастар ресурстық орталығының төртінші жаңа ғимараты ашылды. Қонаев қаласы мен Іле ауданында заманауи коворкинг орталықтары жұмыс істеп тұр. Ал 2026 жылы Талғар, Жамбыл, Еңбекшіқазақ және Ұйғыр аудандарында осындай орталықтар ашылады», – деді ол.

Өңірде жастар орталықтары желісін кеңейту аймақты дамыту стратегиясындағы негізгі бағыттардың біріне айналып отыр. Жаңа кеңістіктер белсенді әрі бәсекеге қабілетті ұрпақты қалыптастыруға, жас көшбасшыларды қолдауға және жастарды облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына кеңінен тартуға мүмкіндік береді.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz