Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында қандай коммуналдық қызмет түрлері қымбаттады?

1 шілдеден бастап Қазақстанда жылу беру, электрэнергия, ауыз су тарифтері қымбаттады.

05.07.2023
Аймақ

Осыған орай, Алматы облысының өңірлік коммуникациялар алаңындағы кезекті брифинг тарифтердің бағасы тақырыбында өтті.

Өңірдегі табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Барлық Төрехановтың айтуынша, облыста тауарлы газдың бағасы мың метр кубқа 22 413 теңгеден 25 103 мың теңгеге өскен. Мысалы, «Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ субъектісінде газ бағасы 24082,77 теңгеден 26404,35 теңгеге (9,64 %) қымбаттады.

Ал электрэнергиямен қамту бағасы 1 шілдеге дейін 22,18 теңге болса, кейін 24,76 құрады. Яғни, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның көрсететін қызметі қымбаттауына байланысты тариф 11,63% өсті. Бұдан бөлек, «Алматыэнергосбыт» ЖШС-де ток бағасы 19,48 теңгеден 19,67 теңгеге көтерілді.

«Мұның барлығы «Тарифтерді инвестицияға айырбастау» жобасы шеңберінде жасалып отыр. Мұндағы мақсат – өңірдегі электр қуатымен қамтамасыз ету және су құбыры желілерінің, жылу коммуникациясының тозу деңгейін төмендетуге қол жеткізу», — деді департамент басшысы.

Алматы облысында су желілерінің тозуы 28 пайыздан бастап («Ұйғыр су құбыры» КММ) 80 пайызға дейін («Қонаев су арнасы», «Талғар су», «Жамбыл су» КММ-лері) жетеді. Бұдан бөлек, «Жылу орталығы» КММ-нің 42%, «Тепловые сети» ЖШС-нің 48% жылу желісі тозған. Газ желісі тозу бойынша ең көп үлес «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-на тиесілі – 33,6%. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның электр желілерінің тозуы 93%-дан асады.

Айта кетейік, облыста 102 монополиялық субъект тіркелген. Жыл басынан бері департамент кезектен тыс 9 тексеру жүргізген. Оның 6-на 15 хаттама толтырылып, 2-не әкімшілік іс қозғалған.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында алғаш рет егілген зығырды жинау басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында картоп жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Балқаш ауданында күріш жинау науқаны басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
17.09.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Акжаркын
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz