«Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясының мәліметінше, оқиға 23 маусым күні сағат 19:10-да Ақсеңгір-Бурундай аралығында, Отар – Алматы-1 учаскесінде болған.
«Пойыз машинисі екі адамның теміржолға кенеттен шығып кеткенін байқап, дереу шұғыл тежеу жүйесін қолданған. Алайда, олар локомотивтің дабыл белгілеріне мүлде назар аудармаған. Қашықтықтың тым қысқа болуына байланысты соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады», – деп хабарлады ҚТЖ өкілдері.
Оқиға туралы Алматы-1 станциясының Желілік полиция бөліміне жедел түрде хабар берілген. Қазіргі уақытта оқиға орнында құзыретті органдар жұмыс жүргізуде. Тергеу амалдары басталды.
«Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы азаматтарды теміржолда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады және рұқсат етілмеген жерлерден өтудің өмірге аса қауіпті екенін ескертеді.





