Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында пайдаланылмайтын ауылшаруашылық жерлері мемлекетке қайтарылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2024
Аймақ, Алматы облысы

Алматы облысында 2024 жылдың басынан бастап пайдаланылмайтын ауылшаруашылық жерлерін мемлекеттік меншікке қайтару бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды alataunews.kz.

Алматы облысының Жер қатынастары басқармасының мәліметінше, 393,1 мың гектар пайдаланылмайтын жер анықталған, олар 1322 учаскеге бөлінген. Салыстырмалы түрде, 2023 жылы бұл көрсеткіш 612,8 мың гектарды құраған.

Басқарма басшысы Аманжол Кенесбайұлы бұл жұмыстың ауыл шаруашылығын дамыту және жер ресурстарын тиімді пайдалануда маңызды екенін атап өтті. «Пайдаланылмайтын жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару — бұл стратегиялық міндет, ол облыстың жер ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Біз ауылшаруашылық жерінің әр гектары қоғам мен экономикаға пайда әкелуін қамтамасыз етуге ұмтыламыз», — деді Аманжол Абдрахманов.

Қазіргі уақытта мемлекеттік меншікке 81,4 мың гектар жер қайтарылған, бұл жоспардың 102%-ына сәйкес келеді. 2023 жылы бұл көрсеткіш 224,0 мың гектарды құраған. Басшылық 2024 жылдың соңына дейін тағы 70,0 мың гектар жерді қайтару бойынша жұмыстар жүргізуде, ал жоспардың орындалуы бүгінде 116%-ға жетті.

Кейбір жағдайларда пайдаланылмайтын жерлер мемлекеттік меншікке сот шешімдері арқылы қайтарылады. Мысалы, жалпы көлемі 31,9 мың гектарды құрайтын 63 учаскеге, сот жалға беру шарттарын бұзу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, ауданы 49,4 мың гектар болатын 246 учаске, мемлекеттікменшікке ерікті түрде және басқа да тәсілдермен қайтарылды.

Жер қатынастары басқармасы жер салығының тиімділігін арттыру мақсатында 162,3 мың гектар жер учаскесі бойынша салық ставкаларын 20 есе көтеру үшін 454 материал жіберілгенін хабарлады.

Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер департаментіне 18,2 мың гектарды қамтитын 164 учаске бойынша салық ставкаларын арттыру туралы материалдар ұсынылды.Қазіргі уақытта басқармада тағы 74,3 мың гектар бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Алматы облысында жыл басынан бері 390 мың гектардан астам иесіз ауылшаруашылық жерлері анықталды.»

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Тоқаев Қатар Әмірімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Әуе кеңістігі жабылды: БАӘ-де қалған қазақстандықтарға елшілік үндеу жасады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Мемлекет басшысы Алғыс айту күнімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz