Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында өткен қыста 13 адам өрттен қаза тапты

Бұл туралы баспасөз мәслихатында облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Самат Кенжехан айтты.

04.04.2023
Аймақ

Азаматтық қорғаныс подполковнигінің айтуынша, өткен жылыту маусымында ТЖД тарапынан өрттің алдын алу үшін БАҚ-да барлығы 1106 рет мәлімдеме жасалды. Сондай-ақ қыста ТЖД, ТЖБ мамандары жергілікті атқарушы органдармен, еріктілермен бірлесе облыстағы тұрғын үйлерді, пәтерлерді аралап шыққан.

«Дегенмен, қыс айларында үйлерден өрт шығудың 278 дерегі тіркелді. 13 адам қаза тауып, 4 адам ыстан уланды. Жылыту маусымы өтіп кетсе де, тұрғындардан өрт қауіпсіздігін сақтауларын сұраймыз», — деді подполковник.

Баспасөз мәслихатында көтерілген екінші мәселе — орман өрті. Самат Кенжеханның мәліметінше, даланың қызыл жалынға орануына қауіпті маусым наурыз айының аяғынан қараша айына дейін жалғасады.

«Өткен аптада облыстағы орман алқаптарының өртенуінің 19 фактісі тіркелді. Статистикаға сүйенсек, далалы аймақтарда от шығуының басты себебі — қураған шөпті және нысандардың қасында қоқысты өртеу, темекі өнімдерін өшірмей лақтыра салу. Орман өрті адамдар мен жануарлардың өміріне, өңірдің экономикасына қауіп төндіреді. Сол себепті әр тұрғын демалысқа шыққанда, егістік жерлерінде, қамыс-қоға арасында жүргенде техникалық қауіпсіздігін сақтауы қажет», — деді Самат Кенжехан.

Айта кетейік, былтыр облыста 10 мың гектар жер өртеніп кеткен.

Тегтер: Алматы облысықауіпсіздікөрт

Соңғы жаңалықтар

Референдум: Алматы облысында дауыс беру учаскесін қалай білуге болады

Қорлан Нұрланқызы
11.03.2026

Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған жұлдыздар матчы өтті

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Air Astana БАӘ-де қалған қазақстандықтарды елге жеткізу үшін арнайы рейстер ұйымдастырады

Қорлан Нұрланқызы
09.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz