Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында өрт сөндіруге арналған 1700 гидрант жарамсыз — ТЖД

Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Александр Раудың айтуынша, өңірдегі гидранттардың 23 пайызы жарамсыз.

07.12.2022
Аймақ

Оның сөзіне сүйенсек, өрт сөндіру қызметінің есебінде 7341 гидрант пен 157 су қоймасы бар.

«Төтенше жағдайдың алдын алу бойынша жүргізілген тексеріс нәтижесінде облыста 1688 гидранттың және 45 су қоймасының жарамсыз екені анықталды», — деді Александр Рау.

Атап айтқанда:
• Еңбекшіқазақ ауданындағы 831 гидранттың 384-і (46,2%);
• Қарасай ауданындағы 394 гидранттың 179-ы;
• Балқаш ауданындағы 448 гидранттың 161-і;
• Қонаев қаласындағы 381 гидранттың 137-і істен шыққан.

Сонымен қатар қиыршық тас не асфальт төселіп кеткен жерлердегі су қоймаларын табу қиынға соғып отыр. 2022 жылы 125 гидрант табылмады. Бұдан бөлек, 814 гидрант пен 94 су қоймасы ғана арнайы жарық белгісімен жабдықталған. Бұл халықты сумен қамтамасыз ететін мамандар жұмысының нашарлығын көрсетеді.

2022 жылы облыста 514 өрт дерегі тіркелді, нәтижесінде 1 адам зардап шегіп, 14 азамат қаза тапты. Жалпы шығын көлемі — 58 млн 656 мың теңге.

Тегтер: өртТЖД

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz