Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында Нью-Йорк киноакадемиясының филиалы мен «Атлетико Мадрид» футбол академиясы ашылды

Алматы облысында білім, спорт және креативті индустрияны дамыту бағытындағы бастамалар жүйелі жүзеге асып келеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
27.11.2025
Аймақ, Алматы облысы

Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте жастардың шығармашылық әлеуетін көтеру мақсатында облыста Нью-Йорк киноакадемиясының филиалы ашылғанын айтты.

Әкімнің айтуынша, жастардың шығармашылық әлеуетін көтеру мақсатында облыста Нью-Йорк киноакадемиясының филиалы ашылған. Бұл – өңір үшін маңызды мәдени және білім беру қадамы. Академия 200 студентке арналған, оқу америкалық бағдарлама бойынша бес бағытта жүргізіледі: киноөндіріс, сценарий және актерлік шеберлік, ойын дизайны, 3D-анимация. Қазір академияда 60 студент білім алып жатыр, олардың арасында Африка және Еуропа елдерінен келгендер де бар.

Сонымен қатар халықаралық деңгейде спортшылар дайындауға бағытталған «Атлетико Мадрид» футбол академиясы жұмысын бастаған. Бүгінде мұнда Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 113 оқушы білім алып жүр.

Облыстың мәдени және рухани өмірінде ерекше орын алатын шаралар қатарында Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойы бар. «Отырар сазы» оркестрінің негізін қалаушы, әйгілі композитор, дирижер, Қазақстанның халық әртісінің мерейтойы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтіліп жатыр. Мерейтой аясында ТҮРКСОЙ ұйымымен бірлескен жобалар жүзеге асырып, Бейжің мен Мәскеуде концерттер ұйымдастырылған. Сондай-ақ Нұрғиса Тілендиевтің есімі мәдениет үйлеріне, көшелерге және оқу орындарына беріліп жатыр.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында алғаш рет егілген зығырды жинау басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында картоп жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Балқаш ауданында күріш жинау науқаны басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
17.09.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Акжаркын
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz