Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында «Мың бала» зияткерлік олимпиадасы сәуір айында басталады

Ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасына тіркелу басталды.

29.03.2023
Аймақ
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

Биылғы олимпиадаға қатысу үшін өтінімдер 1 наурыз бен 30 наурыз аралығында қабылданады. Оған тіркелу 1000bala.elumiti.kz сайтында қолжетімді. Бұл туралы бүгінгі өткен баспасөз мәслихатында сөз етілді.

Олимпиадаға соңғы екі оқу жыл ішінде Қазақстанның ауыл мектептерінде білім алып жатқан 6-сынып оқушылары қатыса алады.

«Биылғы қатысушылар үшін бірнеше жаңалығымыз бар. Алғашқысы, 2023 жылғы олимпиадаға тек 6-сынып оқушылары қатыса алады. Екіншісі, биыл мұғалімдер тіркеуден өтті, олимпиада қорытындысы бойынша оқушылары жеңімпаз атанған мұғалімдерге сертификат берілетін болады. Сондай-ақ биыл сайтта өткен жылдағы тест тапсырмалары бойынша дайындалуға мүмкіндік беретін тренажер іске қосылды», — деді «Жас дарын» орталығының директоры Диана Онбырбаева.

«Мың бала» олимпиадасы екі кезеңнен тұрады. I кезең 2023 жылдың сәуір айының 3-і мен 7-сі аралығында өтеді. Бұл кезең логикалық және кеңістіктік ойлауды бағалауға арналған тапсырмалардан тұрады. Тестілеу онлайн-форматта өткізіледі. Облыстар бойынша ең жоғары қорытынды балл алған бес мың оқушы олимпиаданың ІІ кезеңіне өтеді.

Олимпиаданың II кезеңі 2023 жылғы сәуір айының 26 мен 28 аралығында өңірлік тестілеу орталықтарында күндізгі форматта өтеді деп күтіліп отыр. Қатысушылар II кезеңде математикалық сауаттылық, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі және жаратылыстану пәндері бойынша білімдерін бағалауға бағытталған компьютерлік тестілеуден өтуі қажет.

«Жалпы еліміз бойынша олимпиада өткен үш жыл ішінде ауыл мектептерінен 580 мыңнан астам оқушы қатысты. Үш жыл ішінде олимпиаданың 3000 жеңімпазы анықталды, оның 960-ы дарынды балаларға арналған мектептерге қабылданса, тағы 5000-ға жуық бала онлайн қосымша білім алады», — деді Диана Онбырбаева.

Айта кетейік, «Мың бала» олимпиадасының 5000 финалисі Birge oqý онлайн-мектебінде тегін оқи алады. Яғни, елдегі оқушылардың қабілетін дамытуға тең жағдай жасалады.

Тегтер: Алматы облысыпәндік олимпиада

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған жұлдыздар матчы өтті

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Air Astana БАӘ-де қалған қазақстандықтарды елге жеткізу үшін арнайы рейстер ұйымдастырады

Қорлан Нұрланқызы
09.03.2026

10 наурыз: Алматы облысында қолайсыз ауа райы күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
09.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz