Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында мүгедек балалар тәрбиелейтін арнайы орталықтан шу шықты

Алматы облысының Талғар ауданындағы "Аяла" арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан шу шықты. Әлеуметтік желіде аталған мекемеде тәрбиеленушілерді ұрып-соғатыны туралы видео тарады. Бұл туралы Alataunews.kz хабарлайды.

14.12.2022
Аймақ
Фото: Alataunews.kz

Фото: Alataunews.kz

27 қарашада болған оқиға 8 желтоқсанда әлеуметтік желіде тараған.

Фото: Alataunews.kz

«Күні кеше жарияланған бейнетүсірілімге қатысты бірден комиссия құрылды. 14 жастағы қыз баланы мейірбике душқа шомылдыруға алып барған. Памперсін шешпек болғанда қыз қарсыласып, үлкен дәретін қолымен езіп, қалтасына сала берген. Бала не нәрсеге болсын қатты жылап, қарсылық көрсетеді. Үлкен дәретке отырып қояды, не оны бермейді. Біз дәретін езгізіп қарап отырмаймыз ғой», — дейді орталықтың директоры Тимур Болат.

Сырқат жасөспірім бұл орталыққа 2019 жылы түскен. Мамандар тәрбиеленушілер арасындағы ең агрессивті баланың бірі деп отыр. Жақында психикалық орталыққа апарып, емдеп әкелген. Жасөспірімнің диагнозының ауыр екені туралы психиаторлардың қорытындысы бар.

«Шомылдырған мейірбике ұрысқанын мойындады. Біз ол кісіні қазірше жұмыстан аластаттық. Ол маман – көпбалалы ана. Баланың қадірін білетін жан. Біз кез келген адамды жұмысқа ала бермейміз. Ауыр ортада жұмыс істей білетін, шыдамды адамдарды жұмысқа қабылдаймыз», — дейді орталық мамандары.

Талғар ауданындағы бұл әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 1965 жылдан бері жұмыс істейді. Қазіргі күні мұнда 3 пен 18 жас аралығындағы 60 тәрбиеленуші бар. Жылдан-жылға мекемеге келетін балалар саны артып барады. Ал мүмкіндігі шектеулі әрі, психикалық ауытуы бар балалармен жұмыс істеуге екінің бірі шыдай алмайды, орталықта кадр тұрақтамайтын көрінеді. Айта кетері, мұндағы мамандар 100-110 мың теңге еңбекақы алады.

«Бізді жауапты мекемелер жиі тексереді. Балаларды бір-бірінен алыс ойнатамыз. Өйткені бірін-бірі тырнап алуы мүмкін. Біз ол үшін басымызбен жауап береміз. Осындағы балалардың 70%-ның ата-анасы келмек түгілі телефон арқылы хәлін білмейді. Жаңағы зәбір көрді деген қызымыз осында үш жыл тұрады, ата-анасы бір де бір рет телефон соққан жоқ», — дейді орталық директоры.

Мекеме басшылығы күндіз-түні балаларға пана болған мекеме мамандарына топырақ шашудың қажеті жоқ екенін айтады. Оның айтуынша, ата-анасы бір аптаға алып кетіп, бір күн шыдамай әкеп тастап жатқан балаларға мейірім мен қамқорлықты орталық мамандары көрсетіп отыр. Орталықта баласы тәрбиеленіп жатқан ата-аналар бұл жайтты естіп, «аққа қара жақпаңыздар» деп мекемеге араша түсті.

«Менің балам мұнда 1,5 жыл жатыр. Балам тап-таза, күтімі жақсы. Мен өзім дәл орталықтағыдай қарай алмаймын. Менің де үйімде у-шу болып жатамыз. Баланы үйіме әкетіп тұрамын. Сол кезде дәл осылай памперсін шешкізбейді. Дәретімен ойнайды. Мына видеоны көріп, жағамды ұстадым. Бұл адамдыққа жатпайды. Баланың жылаған дауысын естіген адам неге кіріп араша түспеді? Шын жаны ашыса солай істеу керек еді. Орталыққа кінә тағудың қажеті жоқ», — дейді Алматы қаласының тұрғыны Динара Жұмабаева.

«Видеоны түсірген адам өзі келіп ауру балаларды баға ала ма екен?» деп ашынды ата-аналар. Қазіргі күні оқиғаны аудандық прокуратура да тексеріп жатыр.

«Аяла» орталығында болған оқиғаға қатысты аудан прокуратурасы 2022 жылғы 9 желтоқсанда еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша департаментіне заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізді. Ішінара, әкімшілік тарапынан қызметтік тексеруді объективті жүргізу үшін «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жолданады», — дейді Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Қазіргі күні орталықта тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от КРИСПИ | KRISP | АЛМАТЫ | ТАЛГАР (@kris_p_almaty_obl)

Тегтер: Талғар ауданы

Соңғы жаңалықтар

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Али Хаменейдің ұлы Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы атануы мүмкін – БАҚ

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz