Қайырымдылық шаралары 2025 жылдың 2 жартыжылдығына арналған жұмыс жоспары аясында ұйымдастырылды. Еріктілер кеңесі аз қамтылған және көпбалалы отбысыларға азық-түлік себеттерін табыстады.
Мемлекеттік қызметшілер тек материалдық көмек қана көрсетіп қоймай, тұрғындармен еркін сұхбат құрып, олардың күнделікті өмірдегі мәселелерін тыңдады. Бұл өз кезегінде халық пен мемлекеттік органдар арасындағы сенімді арттырып, тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Шараға еріктілер кеңесінің мүшелері белсене атсалысты және ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс- шаралар тек көмек көрсетуді ғана емес, қоғамды мейірімділік пен жанашырлықты насихаттауды мақсат етеді.
Алдағы уақытта да мемлекеттік қызметшілердің бастамасымен осындай қайырымдылық акциялары жалғасын табатын болады.





