Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында марихуана өсірген 41 жастағы күдікті ұсталды

Алматы облысында полиция қызметкерлері есірткі құрамды өсімдіктерді заңсыз өсіруге арналған фитозертхананы анықтап, жойды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
04.02.2026
Аймақ, Алматы облысы

Есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен 41 жастағы азамат ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

Алматы облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктіні Қарасай ауданына қарасты Тұрар ауылындағы фазенда аумағында қолға түсірген.

Полиция мәліметінше, жеке тінту кезінде ер адамның бойынан қолдануға дайын, кептірілген өсімдік тектес заттың шамамен 10 грамы табылып, тәркіленген.

«Алдын ала мәлімет бойынша, бұл есірткі заты болуы мүмкін», – деп хабарлады есірткіге қарсы қызмет өкілдері.

Одан бөлек, іргелес аумақты тексеру барысында шаруашылық құрылыстарының бірінен есірткі құрамды өсімдіктерді өсіруге арнайы жабдықталған бөлме анықталған. Нәтижесінде қарасора түптері, кептірілген өсімдік заты салынған ыдыстар мен қаптамалар, сондай-ақ өсімдіктерді өсіруге арналған тыңайтқыштар тәркіленді.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде де бірқатар айғақ заттар табылған.

«Тінту барысында өсімдік тектес заты бар шыны банкалар, кептіру жабдықтары, өсімдік қалдықтарының іздері бар электронды таразылар, қаптама материалдары және есірткі құралдарын қолдануға арналған заттар алынды», – деп мәлімдеді полиция.

Сот-химиялық сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген өсімдіктер мен заттар жалпы салмағы шамамен үш келі болатын есірткі заты – марихуана деп танылған.

Күдікті өз кінәсін мойындаған. Қазіргі уақытта оқиға бойынша қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Жаңа Конституция – әділетті қоғамның берік негізі

Акжаркын
05.11.2026

Қоғамдық қауіпсіздік – қоғам тұрақтылығының кепілі

Акжаркын
05.11.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
05.11.2026

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
05.11.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz