Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында кооперативтер 70 теңгенің суын шаруаларға 20-28 мың теңгеден берген

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ирригациялық желілер саласында да мониторинг жүргізді. Ведомство шаруаларды қанаған кооперативтердің жұмысын әшкереледі.

16.02.2023
Аймақ

Облыста кооператив түрінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің 24 бірлестігі жұмыс істейді.

Заң бойынша олардың міндеті — Үлкен Алматы каналынан шаруа қожалықтарына дейін суару каналдары арқылы су жеткізу. Алайда, іс жүзінде олар коммерциялық құрылымға айналған.

Кооперативтер суару арналарына құқықтары жоқ және табиғи монополиялар субъектілерінің тіркеліміне кірмей, 1 м3 үшін 70 тиыннан су алып, шаруаларға гектарына 20-28 мың теңгеден берген.

«Мысалы, Қаратұрық ауылдық округіндегі шаруа 60 га жерді маусымдық суару үшін 1,2 млн. теңге жұмсаған. Бұл ретте оның нақты құны шамамен — 200 мың теңгені құрайды. Бұл ауыл шаруашылығы басқармасы, аудан әкімдіктері және бак тарапынан бақылаудың болмауынан туындаған», — дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Серік Орымбетов.

Ведомство араласқаннан кейін ғана Қаратұрық ауылдық округінің шаруалары алдағы маусымда 42 млн. теңгеден астам қаражатты үнемдей отырып, тікелей бакқа төлейтін болады. Бакпен тікелей шарт жасасудың ұқсас тетіктері Малыбай және Согеті ауылдық округтерінде пысықталып жатыр.

Тегтер: Алматы облысыантикорсуару каналдары

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк: инфляция 11,7%-ға дейін төмендеді

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

СІМ қазақстандықтарға Таяу Шығыстағы бірқатар елге бармауға кеңес берді

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

Қонаевта өңір дамуына үлес қосқан әйелдер марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

Алматы облысында агросаланың болашағы талқыланды

Мөлдір Иманмади
06.03.2026

Dolce компаниясының ұжымы: Жаңа Конституция – ел дамуы үшін маңызды

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz