Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында инфрақұрылым жаңғыруда: Талғар ауданы алда

Алматы облысы өңірдің барлық аумағын кешенді түрде дамытуға басымдық беріп отыр. Облыс құрамына Балқаш, Еңбекшіқазақ, Іле, Жамбыл, Қарасай, Райымбек, Кеген, Ұйғыр және Талғар аудандары кіреді. Солардың ішінде соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі – Талғар ауданы, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2025
Аймақ, Алматы облысы

Ауданда заманауи инженерлік инфрақұрылымды талап ететін әлеуметтік және коммерциялық нысандардың құрылысы, газ, электр, су және жылумен қамту жүйелерін жаңғырту жұмыстары ауқымды түрде жүргізілуде.

2025 жылы облыста 13 елді мекенді газдандыруға бағытталған құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасып жатыр.

Жалпы қаржыландыру көлемі – 11 млрд теңге, оның ішінде:

  • 250 млн теңге – республикалық бюджеттен,

  • 8,5 млрд теңге – жергілікті бюджеттен,

  • 2,2 млрд теңге – «Самұрық-Қазына» қорынан.

Газдандыру жұмыстары Балқаш, Жамбыл, Қарасай, Ұйғыр аудандарында, сондай-ақ Алатау және Қонаев қалаларында жүргізілуде.

Талғар ауданында Кіші Байсерке және Еламан ауылдарындағы екі жоба толық аяқталды. Сонымен қатар инвесторлар Нұра, Өстемір, Туғанбай, Қаратұған, Достық және Жаналық ауылдарын қамтитын газ жобаларын іске асыруда. Барлық жұмыстар 2026 жылдың соңына дейін аяқталады.

2025 жылы облыста электрмен қамтудың 25 жобасы жүзеге асырылып жатыр.

Жұмыстар Іле, Жамбыл, Қарасай және Еңбекшіқазақ аудандарында, Алатау мен Қонаев қалаларында жүргізілуде.

Талғар ауданында Қызылқайрат, Нұра, Кіші Байсерке, Амангелді, Гүлдала, Кендала ауылдарында алты жоба толық аяқталды.

398 км-ден астам электр желісі салынып, қайта жаңғыртылды. Бұл 120 мыңнан астам тұрғынды тұрақты электрмен қамтуға мүмкіндік берді.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қосымша:

  • 1 185 км желіні,

  • 871 трансформаторлық қосалқы станцияны
    жөндеп, инфрақұрылымның тозуын 72%-дан 66%-ға дейін төмендетті.

2025 жылы сумен жабдықтаудың 43 жобасы (оның 30-ы – 2024 жылдан өтпелі) және кәріз жүйелеріне қатысты 20 жоба іске асуда.

Жалпы қаржыландыру көлемі – 28,9 млрд теңге.

Сумен қамту жүйелерін жаңғыртуға қатысты:

  • жалпы құны 34 млрд теңгені құрайтын 18 ПСД,

  • кәріз нысандарына 1,4 млрд теңгеге 2 ПСД әзірленді.

Талғар ауданының Орман ауылын қоса алғанда, 11 блок-модульді су тазарту станциясын орнату жоспарланған.

Жобалар толық іске асқанда:

  • 898 км инженерлік желі салынып, жаңартылады;

  • ауылдық елді мекендердегі орталықтандырылған сумен қамту деңгейі 99,6%-ға жетеді.

Талғар ауданында 441 көпқабатты үй бар. 2018–2024 жылдары оларды жылумен қамту үшін 38 блок-модульді қазандық орнатылды. Нәтижесінде 177 үй тұрақты жылуға қосылды.

2024 жылдан бастап 15 жаңа қазандық салу жобасы қолға алынды. Биыл 1,7 млрд теңгеге 9 нысанның құрылысы аяқталып, 26 үй мен 1 630 тұрғын жылуға қосылды.

Қазір Талғар қаласында үш қазандық бойынша жұмыстар жалғасуда.
Қарабулак ауылындағы газ қазандығының жобасы да қайта пысықталып, сараптамаға жіберілді.

2025 жылы Алматы облысында электр, газ, су және жылумен қамту салаларында ауқымды жұмыс атқарылды. Барлық жобалар халықтың өмір сапасын жақсартуға, коммуналдық қызметтердің сенімділігін арттыруға және инженерлік желілерді толық жаңғыртуға бағытталған.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz