Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа кезеңі басталды

Биыл Алматы облысы үшін халықаралық инвестициялық ынтымақтастық негізгі басым бағыттардың біріне айналды. Өңір шетелдік және отандық серіктестермен өзара ықпалдастықты күшейтіп, ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға және ұзақ мерзімді экономикалық әріптестікті дамытуға басымдық беріп отыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
06.01.2026
Аймақ

Жыл қорытындысы бойынша инвестициялық ынтымақтастық пен бірлескен жобаларды іске асыруға қатысты 40 меморандумға қол қойылған. Құжаттарда көзделген инвестициялардың жалпы көлемі 1,2 триллион теңгеден асады. Келісімдер облыс экономикасының негізгі салаларын, соның ішінде өнеркәсіп, логистика, өңдеу секторлары мен инфрақұрылымды дамыту бағыттарын қамтиды.

Меморандумдардың бір бөлігі халықаралық кездесулер аясында, сондай-ақ Алматы облысының әкімдігі басшылығының ресми шетелдік сапарлары кезінде бекітілген. Бұл шетелдік компаниялармен тікелей байланыс орнатуға, серіктестік тетіктерін нақтылауға және өңіраралық ынтымақтастықты тереңдетуге мүмкіндік берді.

Өңір үшін халықаралық инвестициялық әріптестікті дамытудың басты өлшемі – нақты нәтиже мен экономикалық тиімділік. Осыған байланысты негізгі мақсат – жасалған келісімдерді қағаз жүзінде қалдырмай, оларды нақты іске асатын инвестициялық жобаларға айналдыру.

Қазіргі таңда қол қойылған әрбір меморандум бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Жобалардың шарттары пысықталып, жүзеге асырылатын алаңдар айқындалуда, сондай-ақ іске асыру кезеңдері белгіленіп жатыр. Мұндай тәсіл инвестициялық келісімдердің орындалуын қамтамасыз етіп, Алматы облысы экономикасына нақты пайда әкелуге бағытталған.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz