Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында инфрақұрылымдық жобалардың сапасына бақылау күшейтіледі

Алматы облысында инфрақұрылымдық жобалардың сапасы мен орындалу мерзіміне бақылау айтарлықтай күшейтілуде. Мұндай шешім облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің тапсырмасына сәйкес қабылданып отыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
09.06.2025
Аймақ, Алматы облысы

Атап айтқанда, «Қабанды» және «Шибут» бөгеттерінің құрылысы кезінде анықталған заңбұзушылықтарға қатысты материалдар қосымша сараптамадан өткізіліп, құқық қорғау органдарына құқықтық баға беру үшін жолданатын болады.

Бақылаудың күшейтілуіне облыстық мәслихат депутаттарының көшпелі мониторингі барысында анықталған бірқатар фактілер себеп болды. Айта кетейік, 2022 жылдан бері салынып жатқан және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді суармалы сумен қамтамасыз етуге тиіс бұл стратегиялық маңызы зор нысандардың бүгінде небәрі 73 пайызы ғана дайын.

«Құрылыс-монтаж жұмыстары барысында анықталған кемшіліктер мен мәселелер мерзімнің бұзылуына және құрылыс сапасының төмендеуіне әкеліп соғады. Бұл, өз кезегінде, мемлекеттік қаражаттың тиімді игерілуіне кері әсерін тигізеді», — деді Алматы облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғожаев.

Инспекция барысында депутаттар «Қабанды» бөгетінің құрылыс алаңында мердігер мекеме тарапынан құрылысқа жарамсыз сары топырақ пайдаланылғанын анықтады. Бұған қоса, нысанда бар-жоғы үш адам мен екі техника ғана жұмыс істеп жатқан. Ал «Шибут» бөгетінде тереңдігі 12 метрден асатын резервуардың айналасында қауіпсіздік талаптарына сай қоршау орнатылмаған, бұл жұмысшылар мен тұрғындардың қауіпсіздігіне елеулі қатер төндіреді.

Сонымен қатар қосымша міндеттемелер аясында мердігер ұйым Шалкөде ауылын ауызсумен қамтамасыз ету үшін ұзындығы 2200 метр болатын су құбырын тартуға келісім берді.

Мониторинг барысында жиналған мәліметтер Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жіберілді. Қазіргі уақытта бұл материалдар сараптамадан өткізіліп жатыр. Сараптама қорытындысы бойынша тиісті материалдар уәкілетті органдарға жолданатын болады.

«Су шаруашылығы инфрақұрылымының құрылысы — ауыл шаруашылығының тұрақтылығы мен еліміздің азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі. Сондықтан бұл салада бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол берілмейді. Барлық фактілер жан-жақты зерделеніп, қолданыстағы заңнама аясында тиісті шешімдер қабылданады», — деп атап өтті Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Өңір басшысының тапсырмасына сәйкес, жобалардың жүзеге асырылуына бақылау анықталған заңбұзушылықтар толық жойылғанға дейін жалғасатын болады.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz