Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында фермерлерге арналған «Кең дала 2» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды

Алматы облысында фермерлерге арналған жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы – «Кең дала 2» бойынша өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.05.2025
Аймақ, Алматы облысы

Аймақта бұл бағдарламаның операторы ретінде «Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚбелгіленген.

Бағдарлама көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстарына (КЕЖТЖ) арналған, яғни ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдауға бағытталған. Жеңілдетілген қаржыландырудың мақсатты арналуы – егіс және жиын-терін жұмыстарын жүргізу үшін айналым қаражатын толықтыру.

Несиелер 18 айға дейінгі мерзімге, жылдық 5% жеңілдетілген мөлшерлемемен беріледі. Қарыз сомасы егістік алқаптың 1 гектарына шаққандағы шығын нормативтері негізінде жеке есептеледі.

Бағдарлама шарттарына сәйкес, несие қамсыздандыру ретінде мыналар қабылданады:

  • жылжымайтын мүлік;

  • немесе «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қарыз сомасының 85%-ына дейінгі кепілдігі.

Қарызды өтеу кестесі:

  • негізгі қарыздың 50%-ы – ауыл шаруашылығы жұмыстары жүргізілген жылдың 1 желтоқсанына дейін;

  • қалған 50%-ы – келесі жылдың 20 ақпанына дейін.

Қарызды мерзімінен бұрын ішінара немесе толық өтеуге болады. Сыйақы тиісті мерзімдерде немесе несие комитетінің шешімімен жеке кесте бойынша төленеді.

Қарыз алушыларға қойылатын негізгі талаптар:

  • аграрлық салада кемінде 3 жылдық тәжірибе;

  • егістік алқаптарының болуы (меншікте, жалға алу немесе бірлесіп пайдалану шарты негізінде);

  • соңғы 24 айда 180 күннен астам мерзімі өткен берешектің болмауы;

  • соңғы қаржылық есептілік бойынша оң нәтиже көрсету;

  • 100% кепілзат қамтамасыздығының болуы.

Барлық қарыз қаражаты қаржыландыру жылының 1 тамызына дейін толық игерілуі тиіс.

«Кең дала 2» бағдарламасы – агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау аясында жүзеге асырылып отыр. Ол фермерлердің қаржылық тұрақтылығын арттыруға, өнімділікті көтеруге және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz