Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында ерекше жастарға арналған «Samga» өнер байқауы өтті

Алматы облысында ерекше қажеттілігі бар жастарға арналған «Samga» өнер байқауы өтті, деп хабарлайды alataunews.kzН

Қорлан Нұрланқызы
09.12.2025
Аймақ, Алматы облысы

Жастардың шығармашылық әлеуетін ашу және олардың қоғамдағы белсенділігін арттыру — мемлекеттік жастар саясатының негізгі басымдықтарының бірі. Осы мақсатта Алматы облысы Жастар ресурстық орталығы ерекше қажеттілігі бар жастарға арналған облыстық «Samga» өнер байқауын алғаш рет ұйымдастырды.

Жоба мүмкіндігі шектеулі болса да, арманы мен талпынысы шексіз жас таланттарды бір алаңға жинап, олардың өнерін көпшілікке танытуға мүмкіндік берді. Байқаудың басты мақсаты — ерекше жастардың шығармашылығын қолдау, олардың өзіне деген сенімін арттыру және жаңа мүмкіндіктерге жол ашу.

Байқау екі номинация бойынша өтті: қолөнер және сахналық өнер. Өңірдің әр ауданынан келген 12 команда өздерінің жасампаздығын ортаға салып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Қатысушылар қолдан жасаған бұйымдар, ұлттық нақыштағы туындылар, ән, би және театрланған қойылымдар арқылы шексіз таланты мен табандылығын көрсетті.

Шара барысында ерекше жастардың өнері көпшіліктің көңілін толқытып, қатысушылар мен көрермендер тарапынан алғыс пен қуаныш сөздері көп айтылды. Ұйымдастырушылар байқауды жыл сайын тұрақты түрде өткізіп, қатысушылар санын арттыруды жоспарлап отыр.

Жеңімпаздар қаржылай сыйлықтармен және естелік марапаттармен марапатталды, ал барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

Байқау қорытындысы бойынша:

  • I орын – Жамбыл ауданының «Rakhym» тобы;

  • II орын – Алатау қаласының «Алатау гүлдері» тобы;

  • III орын – Қонаев қаласының «Қамқор жүрек» тобы иеленді.

«Samga» — бұл тек өнер додасы емес, ерекше жандардың өмірге деген құлшынысын, арманға деген сенімін күшейтетін әлеуметтік маңызы бар жоба. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қоғамның әрбір азаматы ерекше жастарға қолдау көрсетіп, олардың толыққанды өмір сүруіне жағдай жасауға атсалысуы қажет.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қылмыстық және әкімшілік амнистия кімдерге қолданылады?

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Тоқаев Пәкістан премьер-министріне хат жолдады

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында тағы бір ауыл алкоголь өнімдерін сатудан бас тартты

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында IT мен дрондарды басқаруды үйрететін жаңа әскери жоба іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Қазгидромет: шілдеде ыстық 50 градусқа дейін жетуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz