Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында «Ең үздік кәсіптік білім беру ұйымы – 2025» байқауы өтті

Алматы облысында техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің арасында «Ең үздік кәсіптік білім беру ұйымы – 2025» облыстық байқауы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
22.09.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Дода 19 қыркүйекте Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің базасында өтті.

Байқаудың мақсаты – сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету, колледждердің орнықты дамуына қолдау көрсету және үздік оқу орындарын анықтау.

Жарысқа 10 оқу орны қатысты. Бірінші кезеңде қатысушылардың кәсіби жетістіктерін айқындайтын портфолиосы сарапқа салынды. Қазылар алқасы колледждердің басқару жүйесі, материалдық-техникалық базасы, цифрлық инфрақұрылымды дамытуы, бизнес-қоғамдастықпен байланысы және оқытудың үздіксіздігі сияқты көрсеткіштерге баса назар аударды. Сондай-ақ, әдістемелік қызметтегі жаңашылдық, педагогикалық құрамның әлеуеті мен тәрбиелік жұмыстардың өзектілігі ескерілді.

Екінші кезеңде колледждер «Табысты білім беру ұйымының заманауи моделін» қорғап шықты.

Қазылар алқасының құрамына «Аманат» партиясының Алматы облыстық филиалының өкілдері мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мамандары кірді.

Байқаудың бас жүлдесін облыс әкімі тағайындады. Оның жүлде қоры – 500 мың теңге. Екінші орын иегерлеріне 500 мың теңге (екі оқу орнына 250 мыңнан), үшінші орынға 450 мың теңге (үш колледжге 150 мыңнан) бөлінді. Сонымен қатар, үш колледж арнайы номинацияларға – «Инновация шеберханасы», «Жетістік жолында», «Жаңашыл колледж» атақтарына ие болды.

Бас жүлде иегері 5 қазан – ұстаздар күні мерекесінде облыс әкімі қолынан марапат алады.

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
18.09.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
18.09.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
18.09.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
18.09.2026

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz