Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында «дропперлікке» қатысты алғашқы қылмыстық іс тіркелді

Алматы облысында жаңадан енгізілген 232-1-бап бойынша «дропперлік» фактісіне қатысты алғашқы сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы облыс прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
02.12.2025
Аймақ, Алматы облысы

Тергеу мәліметінше, Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны OLX платформасында жарияланған «онлайн-төлемдер операторы» туралы жалған хабарландыруға алданып, өзінің банк картасын алаяқтардың пайдалануына берген.

Қыркүйек айынан бері оның шотына 2 миллион теңгеден астам қаржы түскені анықталды. Әйел соның 5 пайызын «комиссия» ретінде алып отырған, ал қалған қаражат алаяқтардың есепшоттарына аударылып отырған.

Прокуратура мұндай тәсілдің алаяқтар арасында кең тарағанын ескертеді. Қылмыскерлер ұрланған қаржыны заңдастыру үшін өз реквизиттерін пайдалануға келіскен адамдарды әдейі іздейді. 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап «дропперлік» — қылмыстық жауапкершілік қарастырылған әрекет. Заң бойынша мұндай іс үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Қазіргі уақытта Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасы тиісті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.

Прокуратура тұрғындарға банк карталарын, ПИН-кодтарын, логин және паролдерін бөгде адамдарға бермеуді, сондай-ақ жеке деректерді белгісіз интернет-ресурстарға енгізбеуді ескертті.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Жаңа Конституция – әділетті қоғамның берік негізі

Акжаркын
05.11.2026

Қоғамдық қауіпсіздік – қоғам тұрақтылығының кепілі

Акжаркын
05.11.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
05.11.2026

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
05.11.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz