Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, ақпарат саласының ел дамуындағы маңызды рөліне тоқталды.
«Ақпарат саласында қызмет ету – үлкен жауапкершілік. Сіздер – қоғам мен билік арасындағы сенімді көпір ретінде маңызды рөл атқарып келесіздер. Облыстың даму қарқынын және қол жеткізген нақты нәтижелерін халыққа уақтылы әрі сапалы жеткізу – сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің жемісі», – деді өңір басшысы.
Мерекелік жиын барысында 30-ға жуық журналист түрлі марапаттарға ие болды. Олардың қатарында мемлекеттік және ведомстволық наградалар, сондай-ақ облыс әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды.
Марапат иегерлері:
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен:
«Айқын» газетінің Алматы облысындағы меншікті тілшісі Болатбек Қабдешұлы Абаған – «Құрмет» орденімен марапатталды.
Мемлекеттік наградалар:
«Мұқағали» журналының бас редакторы Дүйсенбек Мүсірәліұлы Мағұлұмов марапатталды.
«Ерен еңбегі үшін» медалі – Қарасай аудандық «Naqty» газетінің ақпарат бөлімінің меңгерушісі Танзиля Рауфовна Мұхтароваға табысталды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі – облыстық «Алатау ардагері» газетінің бас редакторы Роза Маратқызы Айдарбековаға берілді.
«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі – Балқаш аудандық «Балқаш өңірі» газетінің бас редакторы Күмісбек Жарылқасынұлы Ербаевқа табысталды.
«Огни Алатау» сайтының редакторы Жанар Жексембекқызы Мықтыбаева және «Алатау арайы» газетінің бас редакторы Қуаныш Абайбекұлы Тұңғатаров та марапат иегерлері қатарынан көрінді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің Құрмет грамотасымен:
«Өлке тынысы» ЖШС директоры Кәдірбек Құныпияұлы;
«Жетісу» телеарнасының облыстық филиалының редакторы Жандос Жұмаханұлы Назарбаев марапатталды.
Министрдің Алғыс хаты:
«Өлке тынысы» ЖШС директорының орынбасары Мұратбек Болатұлы Балтабековке;
«Іле таңы» газетінің бас редакторы Бақтияр Талғатұлы Рымжановқа табысталды.
Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасымен:
Жұмабек Тәліпұлы Тұрдиев – «Алатау арайы» газетінің меншікті тілшісі;
Фатима Үкітайқызы Ержанова – «Огни Алатау» газетінің тілшісі;
Әсет Дәлелханұлы Калымов – «Казахстанская правда» газетінің тілшісі;
Ұлбосын Бөрібайқызы Исабекова – «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі;
Азамат Сабитұлы Сарғожин – «Alataunews.kz» сайтының бас редакторы;
Сағынай Амангелдіұлы Мұсағитов – Алматы облысының Ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы марапатталды.
Облыс әкімінің Алғыс хатымен:
Аят Сүйүндукович Дүсембаев – «Хабар» агенттігінің телеоператоры;
Динара Булатбекқызы Төлемісова – Еңбекшіқазақ ауданының баспасөз хатшысы;
Бекжан Жанарбекұлы Кенжебай – «Жетісу» телеарнасының таспагері;
Мәдина Хизатовна Махамбетова – Өңірлік коммуникациялар бөлімінің басшысы;
Маргарита Анатольевна Кунцевич – «Konaevkz» сайтының директоры;
Мақпал Тұрсынқызы Садықова – «Kegennews.kz» сайтының редакторы;
Сәкен Мұхтарұлы Құттықбай – Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің мобилографы;
Дамир Айдынұлы Нұрқасым – «Alataunews.kz» сайтының мобилографы;
Баян Мамырбаева – Ұйғыр аудандық «Қарадала тынысы» газетінің жауапты хатшысы;
Ақтоты Мырзабекқызы Кенжебекова – Қарасай аудандық «Naqty» газетінің тілшісі марапатталды.
Жиын соңында қатысушылар назарына жаңадан құрылған «Qonaev Media» өңірлік телеарнасы туралы арнайы бейнеролик ұсынылды.
Айта кетейік, іс-шара барысында дәстүрлі «Самғау» шығармашылық байқауының 2025 жылғы маусымының ресми түрде басталғаны жарияланды. Бұл байқау – өңірлік журналистиканы дамытуға, кәсіби шеберлікті арттыруға және азаматтық ұстанымды қолдауға бағытталған. Байқауға жыл сайын жүзден астам журналист қатысып, түрлі номинациялар бойынша бақ сынайды.





