Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында Азаматтық форум өтті

Екі жылда бір рет өтетін ҮЕҰ форумы биыл Еңбекшіқазақ ауданында өткізілді. Форумға еліміздің түкпір-түкпірінен үкіметтік емес ұйымда еңбек ететін жандар жиналды.

18.08.2023
Аймақ

Ауқымды шараға «Ауылдық аумақтарды дамытуда мемлекет пен ҮЕҰ серіктестігі» атауы арқау болды.

«Жергілікті қауымдастық қорының Шелек ауылындағы «Агробизнес» орталығының жұмысымен танысты. Аталмыш нысан фермерлердің екінші үйі. Орталықта жердің құнарын анықтаудан бастап, өнімді сатуға дейінгі қызметтерге сатылай қолдау көрсетіліп, нәтиже шыққанға дейін мамандар бірлесе еңбек етеді. Дәл осы орталықтың негізінде ауылдағы шаруалар бірігіп, «Шелек фермерлер» кооперативін құрып, қазіргі таңда істерін дөңгелетіп отыр. Кооперативке 35 адам мүше. Бір мүдде жолында күш біріктірген шарулар «бірлік бар жерде, тірлік бар», дейді. «Кооператив 2017 жылы құрылды. Қазіргі таңда біз қызанақ, бұрыш өсірумен айналысамыз. Өнімдеріміз «Шелек фермерлері» сауда белгісімен нарыққа шығады. Қазақстан бойынша көкөністерімізді сауда орындарына өткіземіз», — дейді кооператив төрағасы Марат Мансұров.

Фермерлердің айтуынша, өнімнен қалдық қалмайды екен. Сатудан қалған өнімдерді кептіріп, түрлі дәмдеуіштер әзірлейді. Одан бөлек табиғи шырын өндіреді. Қажетті құрылғылары да бар. Форумның екінші кезеңі пленарлық отырысқа ұласты. Оған Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Бота Елеусізова, Қазақстан Азаматтық Альянсы Президенті Бану Нұрғазиева қатысты. Сонымен қатар қонақтар қатарында аудандық және қалалық әкімдіктердің, өңірлік ҮЕҰ, саяси партиялардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, түрлі деңгейдегі депутаттар, бизнес өкілдеріде болды.

Жиында сөз алған Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Бота Серікқызы өңірде Азаматтық қоғамға көп көңіл бөлініп жатқанын жеткізді.

«Еліміздегі жұмыс істейтін ҮЕҰ бағыттары жыл санап көбейіп келеді. Алматы облысында 515 ҮЕҰ тіркелген. Аталған ұйымдар әлеуметтік саладан бастап, экономиканың түрлі бағыттарында өз қызметтерін жүргізіп келеді. Бүгінгі күні қоғамдық бірлестіктер ауылдық аумақты дамытуға атсалысып жүр», — деді Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Бота Елеусізова.

Өзгеде қатысушылар ҮЕҰ тек әлеуметтік сала маңындағы мәселені шешіп қоймай мәдениет, саясат экономикаға ден қою керектігін айтты. Пленарлық отырыста сөз алғандар, ауылдық жерде аталған ұйымдарды құру ел дамуының кепілі екенін алға тартты.

Өңірде Азаматтық қоғамды дамытуға ерекше назар аударылуда. 2023 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 56 жобаны жүзеге асыру үшін 371 млн. теңге қаржы қарастырылған. Сондай-ақ, аймақта ҮЕҰ қызметін ақпараттық және құқықтық қолдау мақсатында консолтинг орталық жұмыс істеп тұр. Оның қызметі аясында жыл сайын әлеуметтік идеялар мен жобалардың жәрмеңкесі өткізіліп, үздік жобаларға 10 шағын гранттар бөлініп жатыр.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 1500 шақырымдық туристік маршрут зерттелді

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында көші-қон заңын бұзған 9 шетелдік елден шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысындағы резонансты іс: ер адам 25 жылға сотталды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында дәрігерлер күрделі ота жасап, науқастың өмірін сақтап қалды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Іле ауданында 10 мыңға жуық ағаш отырғызылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz