Қазгидромет мәліметінше, күннің екінші жартысында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Сонымен қатар, дауыл соғып, найзағай ойнайды деп болжанып отыр.
Атап айтқанда, найзағай облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15–20 м/с, ал күндіз кей жерлерде 23–28 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.
Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға ауа райының өзгеруіне байланысты сақтық шараларын күшейтіп, аса қажет болмаса сапарға шықпауға кеңес береді.





